12 сәуір – Ғылым күніне орай марапаттар табысталды
12 сәуір – Ғылым күніне орай Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің атынан жоғары марапаттарға ие болды.
Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Исаева Акмарал Үмірбековна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.
Ғылым департаментінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбековна «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен марапатталды.
«Филология» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Керімбаева Сания Есенгелдіевна «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен:
- «Құқық және тарих» кафедрасының меңгерушісі Жарылқапова Гүлзағира Парменбайқызы
- «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ибрагим Қайрат Әменұлы
- «Құқық және тарих» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Ералиева Газиза Жарылқасынқызы марапатталды.
Алғыс хаттармен:
- Оразымбетова Гүлжайна Абдынасырқызы
- Есимханова Гульнара Нұрмахановна
- Базарбекова Нағима Шәдібековна
- Байдаулетова Гүлнұр Омаровна
- Абдуллаева Гүлмира Сайлаубековна ие болды.
Марапаттарды университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сейткулов Н.А. салтанатты түрде табыстады.
Шымкент университеті ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және шығармашылық қызметтеріне табыс тілейді.





