2026 жылғы 15 сәуір күні Шымкент университетінде Ғылым қызметкерлері күні аясында «Ғылыми жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинарды педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ректор Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы алғыссөзбен ашты. Өз сөзінде ректор ғылыми жобалардың маңыздылығына тоқталып, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ғылым саласына қатысты тапсырмаларын атап өтті.
Семинар модераторы заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбекқызы университеттің жетекші ғалымдарының ғылыми жобаларымен таныстырып, университетте жүзеге асырылып жатқан төрт бағыттағы ғылыми жобаларды таныстырды.
- Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ажиметов Н.Н.
2024–2026 жылдарға арналған BR22885692 нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында «Қойлардың генетикалық ресурстарын жетілдіру, сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. - Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбекқызы 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландырылатын ғылыми жоба – Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми жобасын таныстырды.
- Педагогика ғылымдарының кандидаты Ибрагим Қайрат Әменұлы шаруашылық келісімшарт негізінде медициналық колледж білім алушыларына арналған «Арт-терапия негіздері» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті.
- Жошибекова Бағиля Съездбаевна (PhD) «Eco Lufa Soap» стартап жобасы бойынша баяндама жасады.
Ғылыми семинар барысында профессор-оқытушылар құрамы өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, ғылыми талқылаулар жүргізді.
Семинар соңында университет ректоры ғылыми жоба жетекшілеріне табыс тілеп, жобалардың нәтижелі жүзеге асуына сенім білдірді.





