Шымкент университеті Бакуде (Әзірбайжан)өткен "Study in Kazakhstan" Халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.

2026 жылдың 02-03 мамырында Баку қаласында өткен Study in Kazakhstan халықаралық білім көрмесі Қазақстанның жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейде таныстыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Көрме İz.community ұйымдастыруымен өтіп, талапкерлер мен ата-аналарға Қазақстандағы білім беру мүмкіндіктері, заманауи бағдарламалар, гранттар және академиялық артықшылықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Бұл ауқымды іс-шараға Шымкент университеті де белсенді қатысып, өз білім беру бағдарламаларын таныстырып, болашақ білім алушылармен тікелей байланыс орнатты.

Осындай халықаралық білім көрмелері – тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестіктер құруға және жастарға сапалы білімге жол ашуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қазақстанда білім алу — болашаққа жасалған сенімді әрі маңызды қадам.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы