Шымкент университеті ғалымдарының Польшадағы халықаралық ғылыми семинарға қатысуы

2026 жылғы 31 мамыр – 3 маусым аралығында Польша Республикасының Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университеттің Химия факультетінде өткен Студенттер мен докторанттарға арналған XXII Ұлттық ғылыми семинарға Шымкент университетінің оқытушылары қатысты.Семинар барысында университетіміздің PhD, доцент м.а. Жанар Шерахметовна Рахымбердиева «Biochemical and Molecular Analysis of Endemic Artemisia L. Species from Southern Kazakhstan», PhD, доцент м.а. Багила Сеьзбаевна Жошыбекова «Study of the Effect of Deuterium Oxide (D₂O) on 8-Methoxypsoralen-Induced SOS Repair in Escherichia coli Cells», ал магистр-оқытушы Гүлжайна Абдынасырқызы Оразымбетова «The Benefits of Microgreens: The Role of Vitamins and Chemical Compounds» тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасап, зерттеу нәтижелерін таныстырды.Іссапардың негізгі мақсаты – Адам Мицкевич атындағы университеттің Қоршаған орта физикасы химиясы кафедрасы және Химия факультетімен ғылыми ынтымақтастықты дамыту, профессор доктор хабилитат Богуслава Лесканың жетекшілігімен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау болды.Халықаралық семинарға қатысу ғылыми тәжірибе алмасуға, шетелдік әріптестермен байланыстарды нығайтуға және болашақтағы бірлескен зерттеулердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы