Құрметті әріптесіміз Тойбекова Бағдатты “A Pedagogical Framework for Ethical Skill Development in Higher Education within Smart Learning Environments” атты ғылыми мақаласының халықаралық Scopus дерекқорына кіретін International Journal of Modern Education and Computer Science журналында (Q1 квартилі) жариялануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған жетістік – ғалымның ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары кәсібилігінің, табанды еңбегінің және ғылымды дамытуға қосқан зор үлесінің нәтижесі. Q1 санатындағы беделді халықаралық ғылыми журналда мақала жариялау зерттеушінің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, университетіміздің халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін арттыруға да маңызды үлес қосады.
Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі этикалық дағдыларды қалыптастырудың заманауи педагогикалық негіздері мен смарт оқыту орталарындағы тиімді тетіктері қарастырылған. Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісін жетілдіруге және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған өзекті ғылыми мәселелерді қамтиды. Тойбекова Бағдатқа алдағы ғылыми қызметінде жаңа жетістіктер, тың зерттеулер, шығармашылық шабыт және халықаралық деңгейдегі жаңа ғылыми белестер тілейміз!