Халықаралық байқауда  әділқазы алқасының мүшесі ретінде қатысты

 

2026 жылғы 30 қазан мен 01 қараша аралығында  «ASTANA SOUNDS»  Халықаралық байқауға «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ибрагим Қайрат Әменұлы әділқазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып,. халықаралық деңгейдегі мәдени-шығармашылық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл байқау дарынды қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық мәдени-шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталды.