«Үздік оқытушы» конкурсының университетішілік кезеңі қорытындыланды

Шымкент университетінде «Үздік оқытушы» конкурсының университетішілік кезеңі өз мәресіне жетті.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 3 үміткерден өтінім қабылданды. Конкурстық іріктеу нәтижесінде Бектұрсынова Айнұр университетішілік кезеңнен сәтті өтіп, конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Бектұрсынова Айнұрды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілеп, кәсіби қызметіне шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!