Жастардың діни танымдығын арттыру
Шымкент университеті және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты: жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейрімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кері ағымдағы діндердің алдын алу.
Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, ҚМДБ Шымкент Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы және Шымкент университетінің студенттері белсене қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватсап) кез келген ақпараттарды лайк, коментария және теріс діни ағымдағы фото-видиоларды таратпауға кеңес берді.