Зорлық – зомбылықтың алдын алу


Зорлық – зомбылықтың алдын алу

Бүгін жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Б.Мұса мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН жобасы аясында «Отбасы бақыты – өз қолыңда» тақырыбында консультациялық семинар – тренинг өткізілді. Іс-шарада «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы басшысы С.Байзахова мен практик – психолог А.Турсынбаева арнайы сөз сөйлеп, қатысушылармен пікір алмасты.

 

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Мақсаты - есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланылуының алдын алу.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Шымкент университетінің студенттері қатысты.

Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61