«BioSoftPatent» патенттік бюросының директорымен зияткерлік меншікті коммерцияландыру мәселелері талқыланды
2022 жылдың 8 қарашасында Шымкент университетінің Аймақтық инновациялық институтының акт залында «Зияткерлік меншік және оны Life Science-та коммерцияландыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарды университеттің ғылым істері жөніндегі проректоры Н. Әжіметов ашты. Нұржан Әжіметов өз сөзінде қорғау құжаттарын коммерцияландыру бойынша семинарлардың өткізудің маңыздылығын және университет студенттері мен магистранттарының осы тақырыпқа қызығушылығын арттыру жөнінде атап өтті.
Семинар спикері ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, патент маманы, «Инновациялар» журналының бас редакторы, «BioSoftPatent» патенттік бюросының директоры С.А. Шевцов баяндама жасады. Сергей Александрович патенттік өтінімдерді беру, мәтіндер мен мазмұнға авторлық құқықты тіркеу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинарға қатысушылар зияткерлік қызмет нәтижелерін нарыққа коммерциялық ілгерілету жолдары, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.