Шымкент университетінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
15 қараша күні «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі Айнұр Әбілқасымның жетекшілігімен студенттер арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде дәстүрлі бауырсақ пен құймақтан бастап, күрделі бәліштерге дейін авторлардың кондитерлік өнімдері ұсынылды. Үйде жасалған кондитерлік өнімдердің көпшілігін университет қызметкерлері қолжетімді бағаға бірнеше минут ішінде сатып алды.
Жәрмеңкеден жиналған қаражат балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар алуға жұмсалады.