Құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер!
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі бойынша ғылымды дамытудың 5 басым бағыты бойынша, Шымкент университетінен 1 жоба мақұлданды. Ғылыми жоба жетекшісі: “Ғылым департаменті”-нің директоры, з.ғ.к. қауымдастырылған профессор Акшатаева Жанна Байбекқызы. Жоба тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері. Қаржыландыру көлемі 86 651 523 тенгені құрайды. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің ғылыми- әдістемелік ұсыныстары мен тәжірибелік тетіктерін әзірлеу, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, сондай ақ жер, аграрлық және экологиялық саласындағы құқықтық актілер мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды ұсынуды көздейді.
Жоба жетекшісі Акшатаева Жанна Байбекқызын жеңісімен құттықтаймыз! Жобаны сәтті жүзеге асыруды тілейміз!
Жоба жетекшісі Акшатаева Жанна Байбекқызын жеңісімен құттықтаймыз! Жобаны сәтті жүзеге асыруды тілейміз!