Құқық және тарих кафедрасы
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Бижан Нұрлан Рабханұлы
Т.А.Ә.: Бижан Нұрлан Рабханұлы
Ғылыми атағы: Заң ғылымдарының кандидаты
Туылған жылы: 12.09.1972
Білімі: 1990 -1995 гг. – Аль-Фараби атындағы КазҰУ, Алматы қ.
Мамандығы: 5В030100- Құқықтану
Еңбек өтілі: 17 жыл
254 ғылыми еңбек жазған, оның ішінде 6-монографиясы, 15-оқу құралы, Комитет ұсынатын басылымдарда - 16, Scopus Indexed Journals мәліметтер базасында енгізілген журналдарда - 5, қалған еңбектері отандық және шетелдік басылымдар мен халықаралық конференцияларда жарияланған.
«Құқықтану» және «Қазақстан тарихы мен жалпы білім беретін пәндер» кафедралары 2022 жылы 26 тамызда Шымкент университетінің Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес «Құқық және тарих» кафедрасы болып қайта құрылды.
Кафедраның атқаратын қызметі Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, Құқықтық саясат тұжырымдамасына, Университетті дамытудың қағидаттарымен стратегиялық басымдықтарына негізделген.
Кафедраның миссиясы: жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің интеллектуалдық, ғылыми, білімдік және адамгершілік қажеттіліктерін қалыптастыру, дамып жатқан жаһандық нарық жағдайында жаңа заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып, кәсіби жұмысқа және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-
оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді ынталандыруға ықпал етіп, білім сапасын қамтамасыз ету;
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуға өз үлесін қосуға талпыну;
-
бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау ісінде ұлттық дәстүрлерге және халықаралық тенденцияларға бағдар алу;
-
университетке республикалық, еуразиялық және халықаралық деңгейлердегі рейтингтерде жетекші орын алуға деген ұмтылысына жәрдемдесуге белсенді атсалысу;
-
білім және ғылым саласындағы халықаралық келісімдерді іске асыруға белсенді қатысуға ұмтылу.