Ғылым мен өндіріс уақыт тоғысында
2024 жылдың 21 қарашада «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының «Өнімді өңдеудің және бал араларын селекциялаудың қарқынды технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының аясында «Отандық селекцияны қолдану арқылы жас аралар мен ұрық аналықтарын өндірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауымен өндірушілермен бірлескен семинар өткізілді.
Сондай-ақ семинарда «Sun bee» ЖШС-нің ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі маман-технолог И.В. Рукавицын (Өскемен қаласы), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Х. Мұстафина мен ара шаруашылығы саласында өндіруші мамандар баяндама жасап, ара өнімдерін өндіру мен осы сала жұмыстарын өңтайландыру бағытында пікір алмасты.