КОНКУРС!!!
2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алуға 1, 2, 3 курс білім алушыларына конкурс жариялаймыз!
***Университеттер тізімі Халықаралық ынтымақтастық департаменті сайтында Халықаралық серіктестер бөлімінде көрсетілген.
ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА ТОЛЫҚТАЙ САЙ БОЛСАҢЫЗ,
БІЗ СІЗДІҢ ӨТІНІШІҢІЗДІ КҮТЕМІЗ!
Талап етілетін құжаттар тізімі:
- Ректордың атына өтініш;
- Төлқұжат көшірмесі;
- Сауалнама;
- Ата-аналардың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға рұқсаты;
- Learning agreement;
- Ағылшын тілінде ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- Сертификат IELTS, TOEFL, HSK, TOMER, кемінде B2 деңгейде;
- GPA 2,67-ден төмен емес.
- Түрлі конкурс, олимпиада, конференция, волонтерлік іс-шараларға белсенділік танытқаныңыз туралы көрсеткіш (грамота, сертификат, алғыс хат, диплом, т.б.).
*Тек студенттік кезеңдегі жетістіктер ескеріледі.
***Ақылы негізде білім алушы студенттер өз қаражаты есебінен жіберіледі. Ниетті студенттер толық құжаттар пакетін тапсырады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 25.11.2025 ж. дейін
Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 226-кабинетте қабылданады.