2025 жылдың 3 желтоқсанында Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының А.А. Бакиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Шымкент университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – екі жақтың ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, тарих және этнология салаларында тәжірибе алмасуды кеңейту, сондай-ақ оқытушылар мен жас ғалымдардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
Құжат аясында тараптар бірлескен конференциялар, семинарлар, ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, баспа өнімдерін шығару және ортақ ғылыми бастамаларды қолдау бағытында жұмыс жүргізуге келісті.
Бұл келісім Шымкент университетінің халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп, ғылыми қауымдастықпен өзара байланысын одан әрі күшейтуге маңызды қадам болып табылады.