Шымкент қаласында жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті

Шымкент қаласында жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 4 сәуірде Шымкент қаласында қала әкімі Ғ. Сыздықбековтың, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Куспековтың қала жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесуі өтті.

Кездесуді ашқан қала әкімі қатысушыларды құттықтап, өңірдің тұрақты дамуы үшін білім мен ғылым саласының маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде министр Шымкент қаласында ғылым мен жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі перспективаларын таныстырды. Әсіресе, білікті кадрларды даярлау мәселесінде университеттердің күшін біріктіру, сондай-ақ білім беру үдерісіне шетелдік оқытушылар мен студенттерді тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мәжіліс депутаты болашақта Шымкент заманауи инфрақұрылымы, жабдықталған зертханалары және жаңа оқу ғимараттары бар ірі білім беру хабына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу дөңгелек үстел және ашық микрофон форматында өтті. Бұл қатысушыларға пікір алмасуға мүмкіндік берді. Университет ректорлары стратегиялық даму бағдарламаларын таныстырып, цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын ұсынды.

Талқылау барысында өндірістерді цифрлық трансформациялауға бағытталған жастардың инновациялық шешімдері ұсынылды, білім беру жүйесінде IT тәсілдерді қолдану идеялары айтылды және университеттік жүйені дамыту перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру қызметтерінің сапасын бақылауға арналған IT бағдарламаларды әзірлеу үшін университет қызметкерлерінің ішкі зияткерлік әлеуетін пайдалану қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, шетелдік лекторлар мен жоғары білікті отандық мамандардың деректер базасын құру және оларды онлайн форматта тарту ұсынылды. Бұл уақыт пен қаржы ресурстарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Шымкент қаласында жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелерін талқылау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы