ШУ-де Республикалық олимпиадаға қатысу үшін студенттердің үздік ғылыми жұмыстары іріктелді

ШУ-де Республикалық олимпиадаға қатысу үшін студенттердің үздік ғылыми жұмыстары іріктелді


2022 жылдың 6 сәуірінде Шымкент университетінің химия және биология кафедрасында жыл сайынғы студенттік ғылыми жұмыстар байқауына қатысушылардың жұмыстарын қарауға арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті. 2021-2022 оқу жылының СҒЗЖ байқауына Химия – 6В01503 секциясы бойынша 21 жұмыс қабылданды.

Ғылыми еңбектерді қарастырып, ҒЗЖ байқауына қатысушыларды тыңдап, комиссия келесі орындарды тағайындады:

1 орын: Қ.Б. Тұржанова «Химия пәнінен өзіндік жұмысты орындаудың әдіс -тәсілдерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., Тулешова К.Т.

2 орын: Ж.А. Ізбасар «Заманауи инновациялық технологиялар және оқыту әдістері» және Әбікей Г.Б. «Қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсерінің иммундық-биохимиялық аспектісі». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., Тулешова К.Т.

3 орын: А.Ж. Хабибулла «Орта мектепте ауыл шаруашылығын химияландыру үшін үйірме жұмыстарын ұйымдастыру». Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Битұрсын С.С., М.А.Мақұлбек «Тамақ өнімдерінің бүлінуінің қоздырғыштары». Ғылыми жетекшісі: биология ғылымдарының докторы, профессор Исаева А.У. және З.Е.Жалалова «Мырыш қосылыстарының химиялық қасиетін зерттеу». Ғылыми жетекшісі: химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ізтілеуов Ғ.М.

ХМ-119 тобының студенті Н.Е. Тошпулатованың жұмысы ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: химия магистрі Егембердиева С.Ж.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, сәттілік, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61