Шымкент университетінде «Жаңа экономикалық бағдар басымдықтары – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы қадам!» атты дөңгелек үстел өтті

       2022 жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент университетінде Бизнес және басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа экономикалық бағдар басымдықтары – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы қадам!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ашылуында университеттің ғылым істері жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Нұржан Әжіметов жиналғандарды құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Жолдауында еліміздің одан әрі ілгерілеуінің стратегиялық бағдары қалануын, өркендеген мемлекеттің қалыптасуына әрбір азамат өзінің лайықты үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.

      Баяндамашылар болып жаратылыстану-гуманитарлық факультетінің деканы, х.ғ.к., доцент Шыңғысбаев Б.М.; Академиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Л.М. Мамбетова, сондай-ақ шақырылған қонақтар: бизнес-тренер, кеңесші А.Сарсенова; жеке ұйымның есепшісі А.Сейдулла; «ENERGY» даму орталығының директоры, психология ғылымдарының докторы Г.А. Шалғынбаева; доцент Қ.М. Қалықұлов сөз сөйледі.

      Іс-шараға барлығы 30-дан астам қатысушы қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алынды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы