
Академиялық мәселелер жөніндегі
департаментінің директоры
Мамбетова Ляззат Маратовна
Бөлім қызметінің мақсаты – білім беру бағдарламаларын іске асыруды тиімді оқу-әдістемелік сүйемелдеу негізінде Шымкент университетінің білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету. Университеттің оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және басқару.
Әдістемелік бөлім қызметінің негізгі міндеттері
• Білім беру бағдарламаларын (ББ) іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу стратегиясын қалыптастыру және оқу-әдістемелік жұмысты (ОӘЖ) регламенттеу.
• Білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу.
• Әдістемелік жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдау, оны жетілдіру бағыттарын айқындау.
• Оқу процесін ұйымдастыруға қатысатын қызметкерлерді білім беру қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру.
• ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) талаптарын орындау, оқу-бағдарламалық құжаттаманы, оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК), оқу және әдістемелік құралдарды, өзге де оқыту құралдарын әзірлеу және оларды апробациялау мәселелері бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
• Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) оқу басылымдарын шығаруды жоспарлау.
• Білім беру процесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға қатысу.
• Шымкент университетінің базасында ұйымдастырылатын ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларды өткізуге және қорытындылауға жәрдемдесу.
Әдістемелік бөлімнің функциялары
• Университет жүзеге асыратын барлық мамандықтар мен оқыту нысандары бойынша білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау.• Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді регламенттейтін ережелер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
• Оқу-әдістемелік кеңестің (ОӘК) жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
• Университет профессор-оқытушылар құрамының озық тәжірибесін жинақтау және тарату (ашық, үлгілі сабақтар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру).
• Кафедралардың білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыруы және жаңа білім беру технологияларын оқу процесіне енгізуі бойынша жұмысын талдау және бағалау.
• Оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды дайындау (ОӘБ отырыстары, конференциялар, семинарлар, байқаулар, көрмелер және т.б.).
• Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында ҚР және шетелдік жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу.
• Кредиттік технология талаптарына (КТО) сәйкес факультеттер мен кафедралардың әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
• Мамандықтар / білім беру бағдарламалары бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік әзірлемелерге, оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру.
• Профессор-оқытушылар құрамының ашық, үлгілі және сынақ сабақтарын өткізуін бақылау және қатысу.
Оқу-әдістемелік кеңес
Оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы
Педагогикалық шеберлік мектебі
- кредиттік оқыту жүйесі негізінде университеттің оқу процесін ұйымдастыру және басқару
- оқу процесін үнемі жетілдіру, білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру
- оқу процесіне шығармашылық тәсілдеме технологияларын енгізу және дамыту
- оқу процесіне ғылымның, техниканың, инновациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін енгізуді қамтамасыз ету
- барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту
- ішкі нарықта ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау үшін жағдай жасау
- ҚР жоғары оқу орындары арасында білім беру қызметтерін ұсыну, әлемдік білім беру кеңістігіне шығу бойынша университеттің көшбасшылық жағдайын қамтамасыз ету
- ҚР жоғары оқу орындарының ішінде және шетелдік университеттермен кредиттерді қайта есептеу жүйесін әзірлеу
- республикалық оқу-әдістемелік секция шеңберінде ҚР классификаторының барлық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік қызметтерін үйлестіру
- дәстүрлі формалармен қатар қашықтықтан оқыту формасын дамыту
- ғылымды, білім мен инновацияны интеграциялау, жаңа ғылыми және инновациялық жетістіктерді енгізе отырып, білім беру процесін жетілдіру