Академиялық ұтқырлық дегеніміз-бірлескен білім беру, зерттеу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ екіжақты келісімдер негізінде білім алушының немесе қызметкердің белгілі бір кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) ауысуы.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
* ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
* кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
* пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
* халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінімдерді қабылдау мерзімдері
* Күзде көктемгі семестрге өтінімдер беріледі.
* Көктемде күзгі семестрге өтінімдер беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың нақты күндері университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қатысу шарттары
Сыртқы ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.
Егер студент Шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуды жоспарласа, онда ол барлық пәндер бойынша жақсы үлгерімге және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейіне ие болуы керек.
Қаржыландыру
Университет сыртқы академиялық ұтқырлықты ішінара қаржыландырады. Сонымен қатар, студенттер қосымша қаржыландыру көздерін өз бетінше іздей алады, сонымен қатар серіктес университеттер немесе басқа елдердің білім министрліктері беретін сыртқы гранттарды алу мүмкіндігі бар.
Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.
Қатысу үшін құжаттар тізімі:
- студенттің өтініші;
- оқу туралы келісім;
- төлқұжат көшірмесі;
- ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- сертификат, IELTS, TOEFL, HSK, т.б. (шет тілін білу);
- ұсыныс хат (магистранттар үшін).
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қатысу шарттары:
Ішкі ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмыс жазу қажет.
Қаржыландыру
Білім алушыларын тепе-тең негізде жіберетін серіктес жоғары оқу орындарын қоспағанда, оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Төлем таңдалған семестр бойынша жүргізіледі.
Қайта есептеу, пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту жөнінде кафедра меңгерушісімен анықтауыңыз қажет.
Қатысу үшін құжаттар тізімі:
- студенттің өтініші;
- оқу туралы келісім;
- төлқұжат көшірмесі;
- ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
- ұсыныс хат (магистранттар үшін).
1. Университет таңдау. Қол жетімді бағдарламалар мен серіктес университеттер туралы ақпаратты мұқият зерттеңіз. Өз таңдауыңыз туралы академиялық кеңесшіңізбен және Халықаралық ынтымақтастық департаментімен кеңесіңіз.
2. Талаптарды тексеру. Өтініш беруге дейін өз академиялық көрсеткіштеріңіз бен тілдік деңгейіңіздің бағдарлама талаптарына сай екеніне назар аударыңыз.
3. Қажетті құжаттарды дайындау. Құжаттарыңызды алдын ала дайындаңыз: транскрипт, тілдік сертификат, мотивациялық хат және ұсыным хаттар.
4. Өтінім тапсыру кезеңі. Барлық құжаттарыңызды жинақтағаннан кейін өтінімді онлайн немесе тікелей Халықаралық ынтымақтастық департаментінің координаторына белгіленген мерзімге дейін тапсырыңыз.
5. Іріктеу кезеңі. Комиссия барлық өтінімдерді бағалайды. Таңдап алынған үміткерлерге нәтижелер мен келесі қадамдарға қатысты нұсқау жіберіледі.
6. Сапар алдындағы дайындық. Алдағы сапарға мұқият дайындалыңыз: бағдарламаға қатысыңыз, виза мен тұрғын үй мәселесін шешіңіз және жаңа халықаралық тәжірибеге дайын болыңыз!
Халықаралық серіктестермен танысу