Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
«Экология және биология» ғылыми зерттеу институты 2012 жылдың бірінші ақпанында «Биология» мамандығының студенттері мен университеттің жас мамандарының ғылыми ізденіс жұмыстарын қамтамасыз ету және ғылыми зерттеу, білім беру үрдістерін өз-ара ұштастыру мақсатында университет ректорының № 16 01.02.2012 жылғы бұйрығымен ашылған. Ғылыми зерттеу институтындағы зерттеу жұмыстары биология, микробиология, биоэкология, биотехнология, ауылшаруашылығы салалары бойынша Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында ресми тіркелген ғылыми тақырыптар бойынша жүргізіледі.
Институт қызметкерлері құрамында 4 ғылым докторлары , 12 ғылым кандидаттары бар. Зерттеу бағыттары;
ЭжБ ҒЗИ базасында жалпы сомасы 32400000 теңгеге АР05131728 "Отандық құрамында тұз бар және өсімдік шикізатының фармакологиялық зерттеулері негізінде жаңа косметологиялық өнімді өндіру технологиясын әзірлеу және оның прототиптерін алу" (2018-2020) гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы орындалуда. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 патент, Скопус базасында 4 мақала, БҒСБК ұсынған журналдарда 4 мақала, өндіріске енгізудің 4 актісі алынды. Косметологиялық өнімді алудың технологиялық схемасы әзірленді, косметологиялық өнімнің 15 прототипі алынды (ванналарға арналған тұздар, скрабтар, маскалар, ауызды шаюға арналған құралдар). Косметологиялық өнімдерді қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді.
ҚР БҒМ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімдер берілді.
Институттың ғылыми достастық байланыстары. Институт Өзбекстан (Биохимиялых ғылыми-зерттеу институты), Ресей (Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті), Германия (Аахен университетінің микробиологиялық зерттеу институты) және Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет) елдерінде белгілі зерттеу институттарымен ғылыми достастық байланыста. Аталған ғылыми тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерінің өндіріске ендірілгені актілер арқылы нақтыланған, ал зерттеулерден алынған ғылыми жаңалықтарына Қазақстан Республикасының 10 инновацялық патенттері алынған. Скопус базасында 5-тен астам мақала, ККСОН ұсынған журналдарда 30-дан астам мақала жарияланды. 20-дан астам монография жарық көрді. Аталған ғылыми тақырыптар аясында биология бакалаврының академиялық дәрежесіне 70-тен астам дипломдық жұмыс, биология магистрінің академиялық дәрежесіне 15-тен астам диссертация және биотехнология бойынша PhD дәрежесіне 2 диплом қорғалды.
Материалдық-техникалық база
Шымкент университетінің "Экология және биология" ғылыми-зерттеу институты
№ п/п |
Жабдықтың атауы |
Сериялық нөмірі |
Шығарылған жылы |
Жабдықтың суреті |
1 |
Құрғақ ауа электрлік термостаты ТС-1/80 СПУ Ресей |
32228 |
2010 |
![]() |
2 |
Кептіргіш шкаф Беларуссия |
38904 |
2010 |
![]() |
3 |
Микроскоп –«Micros-МСХ-100» Anti-Mould тіркеу камерасы бар Австрия өндірісі. |
3-101752 |
2013 |
![]() |
4 |
Микроскоп МИКМЕД-5. ЛОМО. Ресей. СПб. |
ХТ-0169 |
2005 |
![]() |
5 |
Фармацевтикалық тоңазытқыштар Ресей |
05705 |
2019 |
![]() |
6 |
Аквадистиллятор элекрлік Liston |
15150 |
2010 |
![]() |
7 |
Шейкер Армед
|
1048701 |
2010 |
![]() |
8 |
Бу стерилизаторы ВК-75-01 ПЗ(жартылай автоматты)
|
1210 |
2013 |
|
9 |
Cтерильді құралдарды сақтауға арналған ультракүлгін камера"УФК-2" |
00107 |
2010 |
![]() |