Lectures by Dr., Professor Wojciech Antkowiak from the University of Natural Sciences in Poznan.
Шымкент университеті студенттердің халықаралық аренада білім алуына кең жол ашуда. Жыл сайын университетіміздің төрінде 20-дан астам шетелдік ғалым дәріс оқиды. Мәселен, 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде Познаньдағы Жаратылыстану ғылымдары университетінің докторы, профессоры Войцех Антковиак "Биология" білім бағдарламасының студенттеріне бір семестр бойы дәріс бермек. Бұл ынтымақтастық Шымкент университетінің халықаралық байланыстарын нығайтуға және студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беруге бағытталған. Профессор Антковиактың келуі студенттердің биология ғылымына деген қызығушылығын арттырып, жаңа зерттеулерге жол ашады деп сенеміз.
Университет әкімшілігі халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасасуда. Бұл студенттерге академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуға, шетелдік конференцияларға баруға және халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Шымкент университеті студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Осы мақсатта университет шетелдік тілдерді оқытуға, заманауи технологияларды енгізуге және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөледі.
Студенттердің халықаралық аренада білім алуына жағдай жасау арқылы біз Қазақстанның болашағы үшін білікті мамандар даярлауға үлес қосамыз. Шымкент университеті - білім мен ғылымның ордасы, жаңа мүмкіндіктердің бастауы.