Оқу процесі


ОҚУ ПРОЦЕССІ

Шымкент университеті білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, сапалы білім алуға, білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін кредиттік оқыту технологияларына негізделген жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындауды іске асырады.

Академиялық саясат шеңберінде университет дамуының басым бағыттары:

  • білім алушыларға бағытталған әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау;
  • білім беру бағыттары бойынша кадрларды даярлау сапасын арттыру (бакалавриат; магистратура);
  • кәсіби стандарттар және индустрияның даму бағытына қарай негізінде білім беру бағдарламаларының санын арттыру;
  • білім беру бағдарламаларын олардың даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып басқару;
  • әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыру;
  • білім беруді ғылыммен және бизнеспен интеграциялауды жүзеге асыру;
  • техникалық тілдік білімді дамыту;
  • ОПҚ және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру болып табылады.

Университетте оқу-білім беру процесі білім берудің заманауи ақпараттық технологияларының мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастырылған, қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, интеллектуалдылығымен, жоғары мәдениетімен және төзімділігімен ерекшеленетін, ғылыми білімді үнемі жаңартып отыруға, кәсіби ұтқырлыққа және қазіргі заманғы талаптарға өзгерістер мен дамуға тез бейімделуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Шымкент университетінде білім беру қызметін ғылым және білім саласындағы мемлекеттік наградалардың иегерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлары және педагогикалық және ғылыми қызметте үлкен тәжірибесі бар, белгілі ғалымдар-педагогтер жүргізеді.

Жаратылыстану-техникалық, гуманитарлық, экономикалық, сондай-ақ педагогикалық бағыттар саласында мамандар даярлау үшін, университетте заманауи мультимедиялық, компьютерлік сыныптар мен кең кітапханамен жабдықталған.

Университет білім алушыларға оқу, өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибелерін мемлекеттік ұйымдар, Шымкент қаласы мен өңірдің жетекші кәсіпорындары базасында өтуіне мүмкіндік береді.


© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Info:

Email: shu2050@mail.ru
Tel: 8 (7252) 55-58-61