Image

Өмірбаян

     Жантасова Зылиха  Тұрарқызы   1973 жылғы  28 қарашада  Оңтүстік Қазақстан  облысы,  Кентау қаласының   Ащысай кенішінде туылған. 

    1991-жылы Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылындағы  орта мектепті  күміс медальмен бітірген.

     1992-1996- жылдары  Түркістан қаласындағы  Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  филология  факультетінде оқып,  үздік дипломмен тәмамдады.

    2004 жылы  «Сағыныш» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.

     2007- жылы 31 мамырда  «Қазақ дастандарындағы  Шығыс әдебиеті дәстүрінің ықпалы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап,филология ғылымдарының кандидаты  дәрежесін алды.

   2010 –жылы     Қазақстан Білім және  ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы  бақылау комитетінің  шешімімен әдебиеттану  мамандығы бойынша  доцент ғылыми атағы берілді.

   2011- жылы  «Жанымның жаз ғұмыры» атты прозалық туындыларының жинағы  «Ордабасы» баспасынан жарық көрді.

2008-2015 жылдары   М. О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті қызметін атқарды.

2016 жылдан «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасында ғалым-хатшы.

2019 жылы «Тағдыр биі» атты прозалық кітабы баспадан шықты.

3 оқу  құрал,50-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

З прозалық кітаптың  шығармагері, әңгімелері бірнеше жинақта жарық көрген.

 2007 жылы шығармашылығы үшін облыс әкімінің стипендиясын иеленді.

   Облыстың мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «2012 жылдың үздік жазушысы»  номинациясының иегері атанды.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар  педагог кадрлардың  біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  мұғалімдердің біліктілігін арттыру  курсы барысында шығармашылық үлгілі еңбек пен нәтижелі жетістіктерін көрсете білгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 16.05.2011ж .

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан » Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы  күндері аясында  өткізілген мәдени іс-шараларға  белсене атсалысқаны үшін облыс әкімі Ж. Түймебаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2016жылы.

«Айбыны елдің –Алпамыс» республикалық байқауға қатысып «Ең үздік мақала»номинациясы бойынша  Алпамыс батыр төсбелгісі мен алғыс  хатын иеленді. «Алпамыс батыр» Республикалық қоғамдық қорының төрағасы Б. Оңғарбаев.  2018 жыл

Әлем Халықтары Жазушылар Одағы ұйымдастырған  мәдени іс-шараның өтуіне ұйытқы болып,  қолдау білдіргені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

25.04.2019 жылы.

 

Әдебиет пен мәдениетке  өзінің үлесін қосып жүрген  жазушы Жантасова Зылиха Тұрарқызы  ардақты ана.

Құдай қосқан қосағы  Аширов Талғат Сайлаубайұлы екеуі 2 ұл тәрбиелеп, өсіруде.

 

 

Жантасова Зылиха  Тұрарқызы

ф.ғ.к, доцент

 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61