Филология кафедрасы
Филология кафедрасы 2001 жылы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. доцент З.К.Керімбаева тағайындалып, кафедра құрамында қазақ, ағылшын және орыс тілі мамандықтары бойынша жұмыс жүргізілді. 2002 ж. Кафедра “Қазақ тілі мен әдебиеті ” болып бөлініп шықты. 2002-2008 жж аралығында кафедра меңгерушілігін ф.ғ.к. доцент З.К. Керімбаева, ф.ғ.к., профессор Қ.Молдабек, аға оқытушы З. Оразалиева, ф.ғ.к. аға оқытушы С.Е. Керімбаевалар атқарды. 2008 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті ” кафедрасының атауы өзгеріп “Филологиялық пәндер” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедрасы меңгерушісі болып ф.ғ.к. аға оқытушы Ботабаева Жанна Нұралықызы тағайындалды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны ф.ғ.к. аға оқытушы Керімбаева Сания Есенгелдіқызы басқарды. 2010 жылдың 1қыркүйегінен бастап “Филологиялық пәндер” кафедрасы мен “Шетел филологиясы” кафедрасы бірігіп, “Филология” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны 2010-2012 оқу жылдарында ф.ғ.к. аға оқытушы Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы басқарды. 2012-2013 оқу жылында ф.ғ.к., доцент м.а Керімбаева Сания Есенгелдіқызы қайта тағайындалды. 2015-2016 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к,. аға оқытушы Нұрымова Қарлығаш Убайдуллақызы тағайындалып, қазіргі күнге дейін басқарып келеді. Кафедра құрамына 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиет, 5В01180-Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары кіреді. Сонымен қатар кафедрада 6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрлер даярлап шығарады.