Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
Кафедра тарихы
2001 жылы «Ауыл шаруашылық, химия және биология» кафедрасы атауымен ашылды. 2018-2020 жылдары «Жаратылыстану», 2020-2022 жылдары «Химия және биология» кафедрасы деп өзгертілді. Казіргі танда «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы деп аталады.
2001-2008 жылдары кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсебаев Мизамбек Жуасұлы, 2008-2022 жылдары ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жумадуллаева Алиса Исаевна басқарды. 2022 жылдан бастап ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Тлегенова Кулайша Бейсенбаевна басқарады.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша шығарушы болып табылады:
6В01504 – «Биология»
6В05101 – «Биология»
6В01503 – «Химия»
6В01505 – «География»
7М01502 – «Биология»
7М01503 – «Химия»
Кафедра базалық білімі және білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін ғылыми бағыты бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрмымен қамтамасыз етілген. Кафедрада 32 штаттық оқытушы жұмыс жасайды, олардың ішінде 3 профессор, 5 ғылым кандидаты, доцент, 9 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 9 магистр, аға оқытушы, 6 магистр, оқытушы жұмыс атқарады.
Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: б.ғ.д., профессор А.У. Исаева, т.ғ.к., доцент Е.И. Кистаубаев, а.ш.ғ.к., доцент А.Е. Қыдырбаева жұмыс атқарады.
Кафедра ұжымы ҚР АШМ «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институты, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Шымкент қаласының Дендро бағы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының орта білім беру мектептері мен лицейлері, колледждері, сонымен қатар алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындары: Ұлы Витовта университеті (Литва), А.Мицкевич атындағы Познань мемлекеттік университеті (Польша), И. Арабаев атындағы қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекістан), И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы), отандық жоғары оқу орындары: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Орталық-Азия инновациялық университеті, Мирас университеті, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттерімен келісім-шарттар жасалынып, тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
Қазіргі уақытта кафедра базалық білімі және білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін ғылыми бағыты бар жоғары білікті ОПҚ-мен қамтамасыз етілген .Кафедрада 28 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 2 профессор, 4 ғылым кандидаты,доцент, 12 ғылым кандидаты,аға оқытушы, 11 магистр жұмыс атқарады.
Кафедрада "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері: б.ғ. д., профессор А. У. Исаева, С.-Х. ғ. к., доцент А. Е. Қыдырбаева ,Х. ғ. к., доцент А. Н. Жылысбаева,Х. ғ. к., доцент Г. М. Ізтілеуов жұмыс істейді.
Оқытушылар семинарларға, тренингтерге қатысу, біліктілікті арттыру курстарынан өту арқылы өздерінің кәсіби және педагогикалық құзыреттерін дамытумен үнемі айналысады. Педагогикалық құрамның құзыреттілігі сертификаттардың болуымен расталады.
Университет басшылығы шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарда ОПҚ біліктілігін арттыруға көңіл бөледі, б.ғ. д., профессор А. У. Исаева 2016-2020 жылдары алыс және жақын шетелдерде (Польша, Ресей, Бішкек) тағылымдамадан өтті, а/ш. ғ. к., доцент А. Е. Қыдырбаева және А/ш. ғ. к., аға оқытушы Байдуйсенова Сібір үздіксіз қосымша білім беру институтында біліктілікті арттыру курсына қатысты. А/ш. ғ. к., аға оқытушы Л. М. Мәмбетова Жазғы семестр кезінде академиялық ұтқырлық аясында Ұлы Витаус атындағы университетте «Молекулалық генетика, микробиология және вирусология» тақырыбында магистранттар және доктаранттар үшін дәрістер оқыды.
«Витаус Великого» университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Саулюс Мицкевичуспен кездесу.
Тәжік мемлекеттінің Бустон қаласында тау-кен металлургия институтында 6 мемлекеттен жиналған жоғары оқу орындарындағы өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілу үстінде
Тәжік технологиялық университетінің зертханасы
Малайзияда орналасқан Путра университетіндегі А.А Ешибаевтың биотехнология факультетінде ОПҚ құрамына дәріс беруі.
2019 жылдың қараша айында Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің профессоры Е.Б.Винтайкинмен кездесу
ұйымдастырылды.
Кафедра жетістіктері:
Кафедра оқытушысы биология ғылымдарының докторы, профессор Исаева Ақмарал Өмірбекқызының жетекшілігімен гранттық жоба бойынша зерттеулер жүргізілуде:
ИРН AP09563499 "фитомелиорант-өсімдіктердің құрамын іріктеу арқылы фармако-косметология саласындағы сарқынды суларды биологиялық тазартудың орталықсыздандырылған жүйелерінің жұмыс істеуін оңтайландыру" 2021-2023 жылдарға арналған іске асыру мерзімі 12 ай (ҚР БҒМ). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде келесі патенттер алынды:
Кафедраның ПОҚ ҒЗЖ-да белгілі бір нәтижелерге ие. Мысалы, Х .ғ. к., доцент Г. М. Ізтілеуов Қазақстан ғалымдарымен бірге титанды химиялық әдістермен ыдырату бойынша әлемдік ғылыми жаңалық ашты және Петр Капица Құрмет медалімен марапатталды.
Доктор, PhD Битурсын С. С. "Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін" ЖШС Global Professional Development Құрмет медалімен марапатталған
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Шингисбаев,ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А. И. Жумадулаева ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы " Ы.Алтынсарин" медалімен марапатталды.
5В060700 «Биология» мамандығының үшінші курс студенттері Ұлы Витаус университетінде өткен жазғы семестр сабақтары кезінде
Т.А.Ж: Тлегенова Кулайша Бейсенбаевна
Ғылыми дәрежесі: Кафедра меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, аға оқытушы.
Туған жылы: 17.01.1974ж.
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 15 жыл
Оқытылатын пәндері: Өсімдіктер аурулары және зиянкестері, Клетка биологиясы , Қазақстан биоресурстары, Қазіргі биология жетістіктері, Экологиялық биология, Қолданбалы биология, Жеке даму биологиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Дәрілік өсімдіктер, Молекулалық биология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-40 астам мақалалары,Оқулық -10. Оқу әдістемелік құралы-10. Монография -30. SKOPUS -2Т.А.Ж: Пралиев Калдыбай Джайлауович
Ғылыми дәрежесі:Химия ғылымдарының докторы, профессор
Туған жылы: 29.06.1941 ж.
Білімі : Жоғары: Қазақ ұлттық университеті
Жұмыс өтілі: 18 жыл
Оқытылатын пәндері: Қазіргі кездегі бейорганикалық химияның теориялық және қолданбалы аспектілері, Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту әдіснамасы мен заманауи технологиясы, Комплексті қосылыстар
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-100 астам мақалалары, ҚР ҰҒА. Энциклопедиялық анықтама -1, Қазақстан: М-С. «Қазақ энциклопедияларының» бас басылымы, 2004 ж -1 Монография -80.
Т.А.Ж: Исаева Ақмарал Умирбековна
Ғылыми дәрежесі:Биология ғылымдарының докторы, профессор
Туған жылы: 27.08.1964 ж.
Білімі : Жоғары: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 36 жыл
Оқытылатын пәндері: Биотехнологияның заманауи жетістіктері, Өсімдіктердің молекулалық тіршілігінің негіздері, Микробиология,Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-100 астам мақалалары, SKOPUS -5. Оқулық -20. Оқу әдістемелік құралы-30. Монография -80.
Т.А.Ж: Паржанов Жанибек Ануарбекович
Ғылыми дәрежесі: Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор
Туған жылы: 20.05.1958 ж.
Білімі : Жоғары: В.В. Кувишов атындағы Самарканд атындағы ауылшаруашлыық институты
Жұмыс өтілі: 45 жыл
Оқытылатын пәндері: Биотехнологияның заманауи жетістіктері, Өсімдіктердің молекулалық тіршілігінің негіздері, Микробиология,Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-523 астам мақалалары, Патент-25.SKOPUS - 4. Оқу әдістемелік нұсқау-46. Монография -7.ККСОН-12.
Т.А.Ж: Кистаубаев Ермахан Ибадуллаевич
Ғылыми дәрежесі:Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Туған жылы: 16.03.1971 ж.
Білімі : Жоғары: Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті.
Жұмыс өтілі: 31 жыл
Оқытылатын пәндері: Химия есептерін шығарудағы алгоритмді жетілдіру, Химия пәнін оқыту үрдісінде STEM әдісін қолдану, Заттар құрылысы, Актиноидтар және лантаноидтар, Биотехнологияның химиялық негіздері, Химиядан есептер шығару әдістері
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-50 астам мақалалары, оқулық -4,оқу әдістемелік құрал-2, Кандидаттық диссертатция-2.
Т.А.Ж: Кобланова Онгаркул Нурмахамбетқызы
Ғылыми дәрежесі: Химия ғылымдарының кандидаты, доцент
Туған жылы: 1952 ж.
Білімі : Жоғары: С.М. Кирова атындағы КазГУ.
Жұмыс өтілі: 51 жыл
Оқытылатын пәндері: Химия және жалпы химия технологиялары бойынша фундаментальды сұрақтар, Бейорганикалық реакциялардың механизмдері, Қолданбалы химия, Сандық анализ, Жоғары мектепте химиялық пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, Химияны оқыту әдістемесі
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 50 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 5. Оқу әдістемелік құрал – 2.
Т.А.Ж: Шингисбаев Бахитжан Маликович
Ғылыми дәрежесі:Химия ғылымдарының кандидаты, доцент
Туған жылы: 22.08.1963 ж.
Білімі : Жоғары: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 37 жыл
Оқытылатын пәндері: Ерітінділер химиясындағы зерттеу әдістері, Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау, Химиялық кинетика
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-70 астам мақалалары, оқулық -2,оқу әдістемелік құрал-1, Кандидаттық диссертатция-1.
Т.А.Ж: Кыдырбаева Айгуль Елемесовна
Ғылыми дәрежесі: ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, биология доценті
Туған жылы: 28.04.1970 ж.
Білімі : Жоғары: М.Ауезов атындағы мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 30 жыл
Оқытылатын пәндері: Анатомия, спорттық морфология негіздері, Гистология, Генетика, Өсімдіктер және жануарлар экологиясы, Геобиотехнология негіздері, Орнитология, Анатомия, спорттық морфология негіздері, Молекулалық биология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 20 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1. Магистрлік диссертатция-2.
Т.А.Ж: Муталиев Алимжан Муталиевич
Ғылыми дәрежесі: биология ғылымының кандидаты, доцент
Туған жылы: 09.03.1952 ж.
Білімі : Жоғары: М.Ауезов атындағы мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 40 жыл
Оқытылатын пәндері: Адам анатомиясы, Биологияны оқыту әдістемесі, Қоршаған орта және биоалуантүрлілікті сақтау, Қолданбалы биология, топырақтану негіздерімен, Жалпы биология, Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқытудың әдістемесі
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 50 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 2. Оқу әдістемелік құрал – 3. Магистрлік диссертатция-1.
Т.А.Ж: Султанбаева Гульжан Касымхановна
Ғылыми дәрежесі: ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, аға оқытушы.
Туған жылы: 1983 ж.
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 6 жыл
Оқытылатын пәндері: Жасуша биологиясы, Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау Биологияны оқытудың интербелсенді әдістері, Жалпы химия, Ландшафтты дизайн, Биология пәнін қашықтықтан оқыту әдістемесі, Микробиология және вирусология, Оқушылардың физиологиялық дамуы
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 30 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Ғылыми еңбектері жоғары бағаланған. Оқулықтары-6.Оқу әдістемелік құралдары -3.
Т.А.Ж: Мамбетова Лаззат Маратовна
Ғылыми дәрежесі: ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, аға оқытушы.
Туған жылы: 23.05.1978 ж
Білімі : Жоғары: М.Ауезов атындағы мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 22 жыл
Оқытылатын пәндері: Ботаника, Генетика, Омыртқасыздар зоологиясы, Жасуша биологиясы, Биологияны оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану, Мектепте биологиялық экспериментті жүргізу әдістемесі, Омыртқалылар зоологиясы
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 30 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1. Магистрлік диссертатция-1
Ф.И.О.: Қарабаева Кульзария Усерхановна
Научная степень: кандидат сельскохозяйственных наук, старший преподаватель.
Год рождения: 11.07.1967 г
Образование: Высшее: Казахский национальный женский педагогический университет
Опыт работы: 22 года
итоо Преподаваемые дисциплины: Технико-экономические основы производства, Рекреационная география, Экономическая, социальная и политическая география мира, Метеорология и климатология, Физическая география континентов и океанов, Экономическая и социальная география Казахстана
Публикации: автор более 30 научных работ, учебных материалов и авторских свидетельств. Учебное пособие - 1. Учебно-методическое пособие - 1. Кандидатская диссертация-1
Т.А.Ж: Шимелкова Роза Жумакылыш кызы
Ғылыми дәрежесі: ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, аға оқытушы.
Туған жылы: 27.09.1983 ж.
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 6 жыл
Оқытылатын пәндері: Оқушылардың физиологиялық дамуы, Жеке даму биологиясы, Биохимия Қолданбалы биология, Клетка биологиясы, Эволюциялық ілім, Экологиялық биология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)-50 астам мақалалары,Оқулық -10. Оқу әдістемелік құралы-10. Монография -20.
Т.А.Ж: Жумадулаева Алиса Исаевна
Ғылыми дәрежесі: ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, аға оқытушы.
Туған жылы: 17.09.1958ж.
Білімі : Жоғары: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 44 жыл
Оқытылатын пәндері: Адам анатомиясы Биохимия, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, Қазақстан биоресурстары, Өсімдіктер және жануарлар эволюциясы, Адам және жануарлар физиологиясы Гидробиология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 40 астам мақалалары,Оқулық -15. Оқу әдістемелік құралы-10. Монография -40. SKOPUS -4
Т.А.Ж: Егембердиева Салтанат Жумабековна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 22.07.1984 ж.
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 15 жыл
Оқытылатын пәндері: Химияны оқытудың интербелсенді әдістері, Ерітінділер теориясы, Сапалық анализ, Полимерлердің химиясы мен физикасы, Металдардың коррозиясы , Тұрмыстық химия, Органикалық химиядағы реакциялар механизмдері, Комплексті қосылыстар, Химияны оқыту әдістемесі, Химиялық кинетика
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 15 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1.
Т.А.Ж: Шыналиев Асылбек Абдихадирулы
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 1991 ж.
Білімі : Жоғары: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Оқытылатын пәндері: Металдардың коррозиясы ,Химиялық технология,Химиялық қосылыстарды синтездеу,Органикалық химияның теориялық негіздер,Химияны оқыту әдістемесі,Биохимия,Заттар құрылысы,Комплексті қосылыстар,Бейорганикалық химияның теориялық негіздері,Химиялық кинетика және катализ,Ерітінділер теориясы,Металдардың коррозиясы,Қазіргі химия жетістіктері
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 20 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1.
Т.А.Ж: Мырзалиева Гульзада Баранбаевна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 28.11.1985 ж
Білімі : Жоғары: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
Жұмыс өтілі: 12 жыл
Оқытылатын пәндері: Генетика, Қазақстан биоресурстары, Эволюциялық ілім, Жаратылыстану негіздері , Флористика, Ботаника, Геоботаника, Ландшафтты дизайн, Органикалық химия , Жасуша биологиясы , Ландшафтты дизайн
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 25 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1.
Т.А.Ж: Боранбаева Лаура Рахмановна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 09.07.1984 ж.
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 17 жыл
Оқытылатын пәндері: Өсімдіктер физиологиясы Адам және жануарлар физиологиясы, Қолданбалы биология, топырақтану негіздерімен, Өсімдіктер және жануарлар экологиясы, Омыртқасыздар зоологиясы, Қазіргі биология жеістіктері, Адам анатомиясы,Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау , Жалпы биология, Көгалдандыру негіздері, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі, Микробиология және вирусология, Омыртқалылар зоологиясы, Биологияны оқытудың интербелсенді әдістері
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 25 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1.
Т.А.Ж: Ахынова Улбике Саулебековна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 25.12.1987ж
Білімі : Жоғары: Сырдария университеті
Жұмыс өтілі: 6 жыл
Оқытылатын пәндері: Гистология, Микробиология және вирусология , Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, Биохимия
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 25 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқу құралы – 1.
Т.А.Ж: Аралбаева Райхан Бурахановна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы.
Туған жылы: 07.11. 1964 ж
Білімі : Жоғары: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жұмыс өтілі: 24 жыл
Оқытылатын пәндері: Географияны оқыту әдістемесі, Қазақстанның физикалық географиясы, Қазақстанның туризм географиясы, Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері, Туристік саяхат, Экскурсиятану, Географияны оқытудың жаңа технологиялары,Геоэкология және табиғатты қорғау,Халықаралық туризм географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 20 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқу құралы -1.
Т.А.Ж: Кидирбаев Ахмед Керимбайұлы
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы.
Туған жылы: 18.06.1975 ж.
Білімі : Жоғары: Әль-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі: 17 жыл
Оқытылатын пәндері: Жалпы жертану,Тарихи география, Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиясы, Жалпы гидрология, Картография, топография негіздері, Демография, Геология, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 15 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқу құралы -1.
Т.А.Ж: Аширбаева Салтанат Бибатровна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы.
Туған жылы: 12.04. 1985 ж
Білімі : Жоғары: Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жұмыс өтілі: 13 жыл
Оқытылатын пәндері: Омыртқасыздар зоологиясы, Химия, Дәрілік өсімдіктер, Геоботаника, Флора және фауна, Қолданбалы биология, Биотехнология негіздері, Өсімдіктер физиологиясы, Жеке даму биологиясы, Молекулалық биология, Қазақстан биоресурстары
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 25 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқу құралы -2. SKOPUS – 3. . Оқу әдістемелік құралы-6.
Т.А.Ж: Самихова Мадина Рахматуллаевна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 1988 ж.
Білімі : Жоғары: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Оқытылатын пәндері: Сапалық анализ, Биохимия, Заттар құрылысы , Комплексті қосылыстар , Тұрмыстық химия, Қолданбалы химия, Органикалық химияның теориялық негіздер, Полимерлердің химиясы мен физикасы, Химияны оқытудың интербелсенді әдістері, Органикалық молекулалардың функциональды туындыларының химиясы, Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы , Органикалық химияның теориялық негіздері, Химиялық кинетика және катализ, Комплексті қосылыстар, Химиялық кинетика
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 20 аса ғылым еңбектердің, оқу құралдары мен авторлық куәліктердің авторы. Оқулық – 1. Оқу әдістемелік құрал – 1.
Т.А.Ж: Паташова Ақерке Нұрыбекқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр, оқытушы
Туған жылы: 31.11.1994 ж
Білімі : Жоғары: Шымкент университеті
Жұмыс өтілі: 1 жыл
Оқытылатын пәндері: Эволюциялық ілім, Биохимия, Флористика,Геоботаника, Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы,Молекулалық биология, Ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау,Көгалдандыру негіздері
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 10 аса ғылым еңбектердің авторы.
Т.А.Ж: Оразымбетова Гулжайна Абдынасырқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр, оқытушы
Туған жылы: 22.05.1994 ж
Білімі : Жоғары: Мирас университеті
Жұмыс өтілі: 1 жыл
Оқытылатын пәндері: Ботаника, Қазіргі биология жетістіктері, Эволюциялық ілім , Экологиялық биология, Қолданбалы биология, Жалпы биология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 25 аса ғылым еңбектердің авторы.
Т.А.Ж: Мамытова Аякөз Мансуровна
Ғылыми дәрежесі: магистр, оқытушы
Туған жылы: 13.11.1984 ж
Білімі : Жоғары: Сырдария университеті
Жұмыс өтілі: 5 жыл
Оқытылатын пәндері: Имиджеология
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 5 аса ғылым еңбектердің авторы.
Т.А.Ж: Базарова Гүлзина Ерболқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр, оқытушы
Туған жылы: 13.11.1996 ж
Білімі : Жоғары: Шымкент университеті
Жұмыс өтілі: 1 жыл
Оқытылатын пәндері: Ландшафтты дизайн, Флористика, Имиджеология, Геоботаника, Адам және жануарлар физиологиясы, Флора және фауна
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 5 аса ғылым еңбектердің авторы.
Т.А.Ж: Алдиярова Айнур Куантаевна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы.
Туған жылы: 09.05. 1982 ж
Білімі : Жоғары: Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Жұмыс өтілі: 12 жыл
Оқытылатын пәндері: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, Омыртқасыздар зоологиясы, Геоботаника, Қазақстан биоресурстары, Жеке даму биологиясы, Дәрілік өсімдіктер , Гистология, Қазақстан биоресурстары, Гидробиология, Молекулалық биология, Омыртқалылар зоологиясы, Декоративтік өсімдіктер, Нейробионика
Басылымдар: ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 10 аса ғылым еңбектердің авторы. Оқу әдістемелік құралы-1.
Материалдық – техникалық база
Кафедра бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша кадрлар даярлауға қажетті барлық ресурстарға, ғылыми-техникалық базаға ие.
Кафедра даярлайтын білім беру бағыттары бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыздандыру үшін арнайы мамандандырылған дәрісханалар мен зертханалар қарастырылған: «Химия пәндері бойынша» оқу зертханасы, «Биология пәндері бойынша» оқу зертханасы, «Жеке даму биологиясы» дәрісханасы, «Молекулярлық биология, генетика және цитология» дәрісханасы, «Химия» дәрісханасы, «Қолданбалы биология» дәрісханасы, «Тау жыныстары және пайдалы қазбалар» зертханасы, «Жалпы география» пәндерінің оқу дәрісханасы. Аталған дәрісханалар мен зертханалар компьютерлік техникамен, жабдықтармен, қажетті дидактикалық материалдармен, оқытудың техникалық және аудиовизуалды құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми семинар және зертханалық жұмыстарды жүргізуге «Экология және биология» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе оқу зертханалары талапқа сай жихаздармен, құрал-жабдықдармен, зертханалық ыдыстармен жабдықталған. Студенттер білім беру бағыты бойынша №301, 321, 325, 330, 332а, 332, 431, 422 арнайы кабинеттерді пайдаланып, дәріс алады. Сонымен қатар 4 оқу дәрісханасы интерактивты тақтамен, 1 оқу дәрісханасы мультимедиялық аппаратпен жабдықталған.
Кітапхананың электрондық ресурстарына қолжетімділік медиатекадағы CD дискте және оқу залының 3 компьютерлік аймағында, https://port.univershu.kz/ және электронды тасымалдаушыларда оқу порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Кітапханада қажетті әдебиеттерді іздеуге мүмкіндік беретін және жеке оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың электрондық нұсқаларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін электронды каталог жұмыс істейді. Студенттерге ақпарат іздеуде, дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік диссертация тақырыптары бойынша кітаптар таңдауда кеңестік көмек көрсетіледі, әртүрлі ақпарат көздері мен электрондық каталогты пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Академиялық ұтқырлық аясында а/ш.ғ.к., аға оқытушы Л.М. Мамбетова жазғы семестр кезінде Ұлы Витаус атындағы университетте (Латвия) «Молекулалық генетика, микробиология және вирусология» тақырыбында магистранттар және докторанттар үшін дәрістер оқыды. 2022 жылы профессор А.У. Исаева академиялық ұтқырлық аясында Адам Мицкевич атындағы Познань университетінде (Польша) дәріс оқыды. Ал 2023 жылы Гази университетімен (Түркия Республикасы) академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында магистр, аға оқытушы Ұ.С. Ахынова іс-сапарда болды.
Кафедра шетелдік оқытушыларды тарту мақсатында шетелдік ЖОО-мен екіжақты келісім-шарттар жасап, соның негізінде шетелдік мамандармен дәрістер, семинарлар, кездесулер өткізілуде.
5В060700 «Биология» мамандығының үшінші курс студенттері Ұлы Витаус университетінде өткен жазғы семестр сабақтары кезінде
Кафедраның материалдық базасы
Қазіргі уақытта студенттермен бірлесіп сәндік флораны пайдалана отырып, тік көгалдандыру технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары жыл сайын кафедраның мақсаты мен жоспарына сәйкес орындалып отырады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектепті негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізілген.
Кафедрада негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптармен жұмыстар атқарылады, сонымне қатар ОПҚ жыл сайын мемлекеттен қарастыралатын гранттық конкурстар мен жергілікті деңгейдегі байқауларға жүйелі түрде қатысып отырады. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасалған, бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады.
Болашақ мамандардың білімін жаңа заманға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал оларды жүргізуді қадағалап, орындайтын оқытушылар құрамы болып табылады.
ОПҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша соңғы 3 жылда импакт факторы бар журналда 27 мақала, отандық ғылыми басылымдарда 20 мақала, шетелдік басылымдарда 7 мақала, шетелдік конференцияларда – 22 мақала және халықаралық конференцияларда - 123 мақала жарық көрген. Сонымен қатар 22 оқу құралы, 8 монография, 2 электрондық құрал, 10 оқу-эдістемелік құрал баспадан шығарылды, 3 патент және 2 авторлық куәлік алынды.
Грант конкурсына жіберілген ғылыми-зерттеу жұмыстары
№ |
Жоба тақырыбы |
Жоба жетекшісі |
Қаржыландыратын ғылым-зерттеу жұмыста-рының саны/ бағасы |
1 |
Құрамында сапасы жоқ тұзы бар шикізат пен табиғи қоспалар негізінде косметикалық өнімдерді өндіру технологиясын әзірлеу (2022-2024 жж.) |
Б.ғ.д., профессор Исаева А.Ө. |
71,2 млн. тенге |
Ескерту: Жобаның гранттық конкурстан өтпеуіне байланысты жоба іске асырылмады. |
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі» РММ-ң және Дүниежүзілік банктың қаржыландыруымен гранттық жоба атқарылды
№ |
Жоба тақырыбы |
Жоба жетекшісі |
Қаржыландыратын ғылым-зерттеу жұмыста-рының саны/ бағасы |
1 |
Ерте қалыптасқан жас ара отбасыларын өндіру және сату (2021-2022 жж.) |
а.ш.ғ.к. Шимелкова Р.Ж. |
57,5 млн. тенге |
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру конкурсына 2 жоба дайындалып, тіркелді:
№ |
Жоба тақырыбы |
Жоба жетекшісі |
Қаржыландыратын ғылыми –зерттеу жұмыстарының саны/бағасы |
1 |
Микробтық биокоагуляция әдісін қолдана отырып, ағынды суларды органикалық ластаушылардан биологиялық тазарту технологиясы (2023-2025 жж) |
Б.ғ.д., профессор Исаева А.Ө. |
60, 0 млн. тенге |
2 |
Ара аналық сүтін алу үшін бал араларының өнімділігін арттыру әдістерін жасау (2023-2025 жж) |
а.ш.ғ.к. Шимелкова Р.Ж. |
74,2 млн. тенге |
Басқа ғылыми-зерттеу ұйымдарымен (ҚР, ТМД, шет елдері) халықаралық ғылыми бірлестік түзу (келісім-шарттар, шет елдік іс-сапарлар, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға қатысу)
Б.ғ.д., профессор Исаева А.У. Коломбо қаласында (Шри-Ланка) «IWA Water and Development Congress and Exhibition» тақырыбындағы конгресске баяндамамен қатысты. Сондай-ақ профессор «ASIIN» Халықаралық комиссия мүшесі ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетті аккредитациялау іс-әрекетке қатысты.
Академиялық ұтқырлық бағытында:
- 5В060700 «Биология» мамандығының 3-курс студенттері, жазғы семестр аясында «Витаус Великого» университетінде «Молекулалық генетика, микробиология және вирусология» тақырыбында курсқа қатысты және жоғары айтылған тақырыбы бойынша кафедрасының аға оқытушысы, Мазбетова Лаззат Маратқызы дәрістер оқыды;
- Б.ғ.д., профессор А.У. Исаева Улугбек атындағы Өзбек Ұлттық университетінің (Ташкент қ.) студенттеріне «Продовольственная биобезопасность», «Промышленная и городская экология» онлайн-лекцияларды өткізді;
- Б.ғ.д., профессор А.У. Исаева «А.Мицкевич атындағы Познань университетінде онлайн-стажировкадан өтті (01 Қантар-01 наурыз 2021).
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (ғылыми үйірмелер жұмысы, республикалық конкурстарға, олимпиадаларға, студенттік конференцияларға қатысу)
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында студенттерді жаратылыстану-педагогикалық бағытта оқытудың иновациялық-педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру жүргізіледі. Осы мақсатта «Жас ғалым» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге 22 студент қамтылған.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты – жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру болып табылады.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Студенттердің ғылыми жұмыстары жетекшілердің ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Студенттердің жұмысы тек қана ғылыми ізденісті қамтымай, төмендегі түрлерімен толықтырылады: реферат бойынша жұмыс істеу, ғылыми жұмыстарын конспектілеу, курстық және дипломдық жұмыстарын жазу, пайдаланылған әдебиетті құрастыру, баяндама дайындау.
Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын университетіміздің базасында, сонымен қатар «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің зертханасында, Дендросаябақта жүргізеді. Бұл мекемелермен біздің Университет арасында келісім-шарт жасалынған. Әрбір жетекшілік ететін оқытушылар студенттермен жоспар бойынша осы мекемелердің зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелері жүргізіледі.
Кафедраның тәрбие жұмысының стратегиясы студенттерді тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық әрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің қажетті органикалық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған. Тәрбие жұмысының негізгі факторы ретінде біріншіден, кафедраның өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден ғылым және оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру әрекеттерін қамтиды.
Тәрбие жұмысы аудиториядан тыс жағдаймен ғана шектелмейді. Тақырыптар тәртібіне патриоттық тәрбиеге, студенттердің азаматтық мәдениетін көтеретін, әлеуметтік-гуманитарлық циклдарға арналған тақырыптарды қамтиды. Студенттерді жаңа қоғамдағы өмірге дайындау, Қазақстандағы қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ кәсібіне үйрету, патриоттық сапасын қалыптастыру - бұл міндет, оқу үдерісінің деңгейінде жүзеге асырылады.
2022-2023 оқу жылының І-жартыжылдығында факультет деңгейінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары», «Желтоқсан көтерілісі – Тәуелсіздік бастауы» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді. Аталған тақырыптар қазіргі таңда қоғамдағы, дәлірек айтқанда жастар арасындағы өзекті мәселе болып табылады. Іс-шараға қатысқан студенттер жағымды әсер алып, қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілді.
ПОҚ біліктілігін арттыру
Оқытушылар семинарларға, тренингтерге қатысу, біліктілікті арттыру курстарынан өту арқылы өздерінің кәсіби және педагогикалық құзыреттерін дамытумен үнемі айналысады. Педагогикалық құрамның құзыреттілігі сертификаттардың болуымен расталады.
Университет басшылығы шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарда ПОҚ біліктілігін арттыруға да елеулі көңіл бөледі. Биология ғылымдарының докторы, профессор А.У. Исаева 2019-2023 жылдары алыс және жақын шетелдерде (Польша, Ресей, Бішкек) тағылымдамадан өтті; ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Р.Ж. Шимелкова «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының түлегі (2013 ж.). Сондай-ақ, а/ш. ғ.к., доцент А.Е. Қыдырбаева Сібір үздіксіз қосымша білім беру институтында біліктілікті арттыру курсына қатысты.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жетістіктері
2021-2022 оқу жылының 20.04.2022ж. «Ғылым және білім: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Жаратылыстану пәндері» секциясына Жаратылыстану пәндері» (Химия - 6В01503, Биология - 6В01504, Ғылыми биология - 6В05101) білім беру бағдарламасы бойынша 6-мақала тыңдалды. Конференцияға қатысқан студенттер мен магистранттар арасында БГғ-121 тобының студенті Ізбасар Жансая Әрипжанқызы, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы Тулешова К.Т. «Заманауи иновациялық технологиялар және оқыту әдістері» тақырыбында баяндама жасап, I дәрежелі, БГп-119 тобының студенті Хабибулла Аружан Жайдарбекқызы, ғылыми жетекшісі PhD доктор, аға оқытушы Битурсын С.С. «Орта мектепте ауыл шаруашылығын химияландыру үшін үйірме жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында 2 дәрежелі, №97 ЖОББ мектебінің химия пәнінің оқытушысы Жүсіпбекова Ләззат, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы Тулешова К.Т., «Қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсерінің иммундық - биохимиялық аспетісі» тақырыбында 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. ХМ-119 тобының студенті Жалалова Зияда Эркинбековна, ғылыми жетекшісі доцент, Изтлеуов Г.М., «Мырыш қосылыстарының химиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында 3 дәрежелі дипломдармен марапатталып, өз нәтижелерін көрсетті.
Студенттер профессор-оқытушылардың жетекішілігімен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28-31 қазанда өткен «БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ» атты оқушылар мен студенттерге арналған IV Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
Химия және биология пәніннің ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Тулешова Кульзейнеп Тулешовна жоғарғы деңгейдегі жеңімпаздарды дайындағаны үшін марапатталды.
География пәнінің ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы: Аралбаева Райхан Бурахановна студенттердің жақсы көрсеткіштері үшін марапатталды.
Кафедра оқытушыларының жетістіктері:
Профессор А.У. Исаеваның жетекшілігімен мемлекеттік гранттық жоба бойынша зерттеулер жүргізілуде:
- Исаева А.У., Ешибаев А.А., Абубакирова А.А., Айтбаева Г., Сейткали Н., Кабылбекова Н. Табиғи шикізат негізінде сауықтыру ванналарына арналған құрам. ҚР патенті № 34627 09.10.2020
- Исаева А.У., Ешибаев А.А., Абубакирова А.А., Айтбаева Г., Сейткали Н. Арал теңізінің тұзы және дәрілік шөптердің құрғақ сығындылары негізінде ауыз қуысын күтуге арналған кешен. ҚР патенті, 2019 (ЖАК).
Ғылым кандидаттары, аға оқытушылар Р.Ж. Шимелкова, К.Б. Тлегенова, А.Қ. Алдиярова Дүниежүзілік банктың қаржыландыруымен «Производство и реализация ранних сеголетних пчелиных молодых семей» тақырыбында Халықаралық жобаны іске асырды (2022 жыл).
Кафедраның ОПҚ ҒЗЖ-да белгілі бір нәтижелерге ие. Мысалы, х.ғ.к., доцент Г.М. Ізтілеуов Қазақстан ғалымдарымен бірге титанды химиялық әдістермен ыдырату бойынша әлемдік ғылыми жаңалық ашты және Петр Капица Құрмет медалімен, х.ғ.к., доцент Б.М. Шингисбаев, а/ш.ғ.к., аға оқытушы А. И. Жумадулаева ҚР БҒМ «Құрмет грамотасымен» марапатталса, т.ғ.к., доцент Е.И. Кистаубаев «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталған.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Л.М.Мамбетова жазғы семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Вытаус Великий» университетінде «Молекулярлық генетика, микробиология және вирусология» тақырыбында магистранттар мен докторанттарға арналған дәрістер курсын оқыды. Литва.