Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
«Бизнес және басқару» кафедрасының тарихы
«Бизнес және басқару» кафедрасы 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды. Кафедраның қызметі Ұлттық біліктілік шеңберіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енгізілген Дублиндік дескрипторлармен келісілген кәсіби стандарттарға сәйкес қалыптасатын білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Ел экономикасының даму тенденциясын, кадрларды даярлау сапасына қазіргі тұтынушылық және еңбек нарығының талаптарын орындау. Бизнес және басқару кафедрасның міндеті - білім, білік дағдыларын қалыптастыру және экономика, қаржы, есеп және аудит саласындағы жеке, кәсіптік, әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ білімді, білікті кадрларды даярлауда жетекші орынға ие болу. Республиканың Оңтүстік аймағының еңбек нарығы үшін тәжірибелі мамандарды даярлау.
Калыкулов Куатбек Мухтарбекович
Туылған күні, айы, жылы: 05.02.1965.
Қызмет орыны: Шымкент университеті
Білімі: 1982-1990 жж. С. М. Киров, 1993-1995 Қазақстан Республикасы Марс институттары
26.02.2020-11.03.2020 Макроэкономика, Сертификат № 16715, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат.
11.02.2020-25.02.2020 Бухгалтерлік есеп негіздері, Сертификат № 16646, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат
27.01.2020-10.02.2020 Салық есебі, Сертификат № 16515, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат
10.01.2020-24.01.2020 Экономикалық талдау, Сертификат № 16419, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат
17.12.2019-31.12.2019 Салықтық есеп және есептілік, Сертификат № 16333, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат
2.12.2019-16.12.2019 Ақша, несие, банктер, Сертификат № 16307, Шымкент қ. “Маман- Специалист” ОӨО, 80сағат
18.11.2019-02.12.2019 Кәсіпорын экономикасы, Сертификат № 16216, Шымкент қ. “Маман-Специалист” ОӨО, 80сағат
Марапаттар мен сыйлықтар: 2017 ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасы, 2020 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ұлт ұстазы"Төсбелгісі, 2020 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің грамотасы, 2022 «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді, 2022 «ТМД-ның үздік педагогы - 2022» атты халықаралық байқаудан төс белгісімен марапатталды және куәлік берілді.Жадигерова Гулшат Абдимуталиповна
*Ғылыми дәрежесі:* Экономика ғылымдар кандидаты, аға оқытушы.
*Білімі:* Жоғары: 1991 – 1997 жж. КазХТИ, инженер-технолог.
2002 – 2004 жж. Мирас университеті, экономист-бухгалтер
2004 – 2006 жж. Халықаралық Гуманитарлық техникалық университеті, экономика ғылымдарының магистры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 30.06.2011 жылғы №6 хаттама шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
*Жұмыс өтілі:* 21 жыл
*Оқытылатын пәндері:* Шетелдердегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктері, Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері, Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп, Саудадағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері, Туризм және мейманхана бизнесіндегі бухгалтерлік есеп.
*Басылымдар:* Халықаралық және республикалық конференция жинақтарында – 60-дан астам мақалалар жарияланған, ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК)- 5 мақала, 2 оқу құралы жарық көрген, 10-нан астам түрлі деңгейдегі сертифакаттармен марапатталған.
Байтугелов Омар
Білімі: Алматы Зоветеринарный институт 1971ж. ғалым зоотехник
Оразова Бибигуль Балтабаевна
*Ғылыми дәрежесі:* Экономика ғылымдар кандидаты, аға оқытушы.
*Білімі:* Жоғары: 1994 – 1999 жж. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Инженер-экономист.
2003 – 2007 жж. М.Ауезов атындағы ОҚМУ, аспирантура, Экономика және басқару
*Жұмыс өтілі:* 22 жыл
*Оқытылатын пәндері:* Статистика, Маркетинг , Менеджмент.
*Басылымдар:* Халықаралық және республикалық конференция жинақтарында – 35 астам мақалалар жарияланған, ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК) - 12 мақала, 7 оқу құралы жарық көрген, 1 монография, авторлық құқық.
Ертаев Ермек Жаханчаевич
Білімі: 1996-1999жж. - Түркия Республикасы, Докуз Ейлул университеті, Экономика және басқару факультетін, Измир қаласын бітірген. 2000-2002жж. – Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын бітірген. Қ. А. Ясауи экономика және менеджмент дәрежесін алды. 2010 ж. – диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.Айтжанов Толеген Амирович
*Ғылыми дәрежесі: * Магистр, аға оқытушы.
*Білімі:*Жоғары:1997-2000ж.Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті.
*2001-2003*ж. Алматы үздіксіз білім беру университеті
*2013-2015*ж. Шымкент университеті
*Жұмыс өтілі:* 15 жыл
*Оқытылатын пәндер*. Экономиканы мемлекеттік реттеу; Инвестициялық жобаларды ұйымдастыру; Экономика ілімдер тарихы; Мемлекеттік бюжджет; Бағалы қағаздар нарығы; Ақша.Несие.Банктер; Кәсіпорын экономикасы; Салық және салық салу; Салық ісі.
*Басылымдар:* ҚР БҒМ ККСОН-ның (ВАК) – 1 мақала, халықаралық және республикалық конференция жинақтарында - 15-нан астам мақалалар жарияланған, 3 оқу – әдістемелік құралдар жарық көрген, 10-нан астам түрлі деңгеңдегі сертификаттармен марапатталған.
Кафедрамыздың оқытушылары Р.Молдалиева, Ф.Алиева, Т.Айтжанов «Ұлттық экономиканың құрылымдық формациясының қаржылық әлеуетін зерттеудің категориялық аппараты» тұжырымдамалық зерттеу нәтіжесіндегі ғылыми туындысына «Авторлық құқық» куәлігін алды.
Кафедрамыздың оқытушылары Р.Молдалиева, Ф.Алиева, Т.Айтжанов «Ұлттық экономиканың құрылымдық формациясының қаржылық әлеуетін зерттеудің категориялық аппараты» тұжырымдамалық зерттеу нәтіжесіндегі ғылыми туындысына «Авторлық құқық» куәлігін алды.
Рысбаева Сәттігүл Клышбековна
*Ғылыми дәрежесі:* Магистр, аға оқытушы.
*Білімі:* Жоғары: 1982 - 1986 ж. Алматы халық шаруашылық институты.
2019 – 2021 ж. Шымкент университеті, Экономика мамандығы.
*Жұмыс өтілі:* 41 жыл
*Оқытылатын пәндері:* Ақша.несие.Банк, Банк ісі, Қаржыға кіріспе, Мемлекеттік бюджет, Банк тәуекелдері, Салық және салық салу, Корпоративтік қаржы, Салық ісі, Кәсіпкерлік, Сақтандыру.
*Басылымдар:* Халықаралық және республикалық конференция жинақтарында – 30-дан астам мақалалар жарияланған, 4 оқу-әдістемелік құралдар жарық көрген, 10-нан астам түрлі деңгейдегі сертифакаттармен марапатталған.
Калыкулов Куатбек Мухтарбекович
Білімі: 1982-1990 жж. С. М. Киров, 1993-1995 Қазақстан Республикасы Марс институттары
Академиялық тәжірибе: Шымкент университеті, толық жұмыспен қамту
Турабаева Гүлрайхан Қалықұлқызы
*Ғылыми дәрежесі:* Магистр, аға оқытушы.
*Білімі:* Жоғары: 2000-2004ж ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.
*Жұмыс өтілі:* 16 жыл
*Оқытылатын пәндері:* Қаржылық талдау, Экономикалық талдау, Комерциялық банктегі қаржылық талдау, Бизнесті бағалау.
*Басылымдар:* Халықаралық және республикалық конференция жинақтарында – 28-ден астам мақалалар жарияланған, 11- оқу-құралы, 14 оқу-әдістемелік құралдар жарық көрген, 9-дан астам түрлі деңгейдегі сертифакаттармен марапатталған.
Салқынбек Гүлнұр Жаңабатырқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр, оқытушы.
Білімі: Жоғары 1999 – 2003 ж. «Қайнар» университеті, Қазақ тілі әдебиеті мамандығы.
2005-2007 ж. «Қайнар» университеті, Экономика мамандығы.
2015-2017 ж. Шымкент Университеті, Экономика мамандығы.
Жұмыс өтілі: педагогикалық 5 жыл, жалпы 23 жыл
Оқытылатын пәндері: «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушысы, Табиғатты пайдалану экономикасы; Экономиканы мемлекеттік реттеу; Инвестициялық жобаларды ұйымдастыру; Қаржыға кіріспе; Банк ісі; Бағалы қағаздар нарығы; Ақша.Несие.Банктер; Кәсіпорын экономикасы;
Басылымдар: «Риски впредпринимательской деятельности» (учебное пособие); ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы, «THE CURRENT STATE OF LOCAL PUBLIC ADMINISTRATION AND SELF-GOVERNMENT IN TZE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN».
Арапбаева Жазира Шалкарбаевна
Білімі: 2001 ж. Қарағанды экономикалық университеті КАЗПОТРЕБСОЮЗ , «Қаржы» мамандығы, мамандануы – қаржыгер-экономист, экономика магистры 2005ж, , оқытатын пәндері – Банк ісі, Корпоративтік қаржы, Ақша, несие, банк, Бағалы қағаздар нарығы.Академиялық емес тәжірибе: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оператор
Біліктілікті арттыру туралы кәсіби тіркелуі немесе күні көрсетілген куәлік/ сертификаттар:
Период:
2018-2022 |
Көрсетілген күні немесе кәсіби тіркеу (білім беру бағдарламалары мен оқытылатын пәндер бейіні бойынша) көрсетілген біліктілікті арттыру туралы сертификаттар/сертификаттар. Налоговый контроль, ТОО“НҰР СЕРВИС-ОБРАЗОВАНИЕ” Сертификат N 000107 Макроэкономика, “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат № 1573418 Международная экономика ,“Маман-Специалист” ОӨО Сертификат № 15735 Кәсіпорын экономикасы, “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат№ 15736 Микроэкономика, “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат№ 15733 Организация бизнеса, “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат№ 15738 Страховой рынок, “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат№ 15732 Ақша,несие,банктер “Маман-Специалист” ОӨО Сертификат № 15737 |
Марапаттаулар мен сыйақылар: -
Қызмет көрсету саласы (мекемеде және мекемеден тыс): жоқ
Соңғы бес жыл ішіндегі басылымдар мен презентациялар – атауы, авторлары (бар болса), қай жерде, қашан шығарылды:
Сатыбалдина Айнакул Умиралиновна
Білімі: 1990 ж. Карағанды политехникалық институты, «Экономикадағы құрылыс саласын ұйымдастыру» мамандығы, мамандануы – инженер-экономист, магистр, аға оқытушы оқытатын пәндері – Экономикалық ілімдер тарихы, Экономикалық саясат, Стратегиялық менеджмент,.
Академиялық тәжірибе: Шымкент университеті, толық жұмысбастыМусабеков Камбар
Білімі: 1964 жылы Алғабас ауданы Боралдай орта мектебінде онбіржылдық мектепті бітірген.1970ж. - Казақ политехникалық институты, мамандығы «инженер-электрик» 1993ж. – Ресей Халық шаруашылвғы Академиясы,Москва қаласы «Жоғары дәрежелі менеджер» мамандығы 1994ж. – Осы Академияда «экономика ғылымдарының кандидаты» дәрежесіне диссертация қорғады. 2009ж. – ХҚТУ-да докторлық диссертация қорғады. 2002ж. – Оңтүстік ҚазақстанАшық туниверситеті, «заңгер» мамандығынбітірген.
- Жаңартылатын энергетика нарығы
- Климат және қоршаған орта
- Жасыл экономика
- Инновациялық және шығармашылық менеджмент
- Еңбек нарығының экономикасы
Жеке қасиеттер: басқарудағы көшбасшылық қасиеттер, жеделдіктің жоғары деңгейі, кең интеллект.әлемдік тенденциялар жағдайында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту (үштілді білім беру моделін кеңінен дамыту, білім беру қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, оқытушылар құрамы үшін де, білім алушылар үшін де академиялық ұтқырлықты дамыту, кәсіпкерлік білім, білім беру бағдарламаларын ел экономикасын жаңарту басымдықтарына сәйкес түзету);
кадрлық әлеуетті дамыту (кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру; кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметкерлері құрамының жасаруы); кафедраның білім беру бағдарламаларына түсетін шетелдік білім алушылар санын арттыру;
ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ ұлттық біліктілік шеңберінде және кәсіби стандарттарда айқындалған құзыреттер негізінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;
халықаралық ынтымақтастықты нығайту, кафедраның ғылыми-инновациялық кеңістікке интеграциясы; мемлекеттік органдар, өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік институттар басшыларының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттыру арқылы өндірістік базадағы тәжірибелер мен тәжірибелік сабақтардың сапасын арттыру;
ЖАОК-ті әзірлеу және енгізу (жаппай ашық онлайн курстар);
пәнаралық принципті жүзеге асыру;
білім алушыларды ғылымға баулу арқылы, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау мен дамытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.
Кәсіптік практика
«Бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Турабаева Г.Қ. өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру конференциясында
«Бизнес және басқару» кафедрасының білім алушылары өндірістік іс-тәжірибе барысында «АЗИЯ СЕРВИС» компаниясында өтуде.
Шымкент Университетінің бітіруші түлектеріне арналған
«Жас маман-2023» жәрменкесі өтті
2022-2023 оқу жылында «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушы- профессор құрамының ашық сабақ өткізу барысы
12.10.2022ж. күні ЭК-119 тобында, магистр, оқытушы Алиева Ф.У. «Сақтандыру» пәнінен «Сақтандыру шарты түсінігі, негізгі элементтері, негізгі жағдайлары және ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, пән кешенін ашық сабақ барысында қолдана білу іскерлігі, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуі, оқытудың ерекше, жаңа белсенді технологиялары мен әдістерін қолдану іскерлігі, педагогикалық шеберлік элементтерінің көрінісін және оқытушы сабағы нәтижесі жан-жақты талқыланып, бағаланады. Сабақ өту барысында оқытушының өзін өзі еркін сезінуі сөйлеу мәнері жоғарғы оқу орнының талабына сай. Оқытушының қолында силлабус, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулығы болды. Ашық сабаққа э.ғ.д., профессор Купешев Ш.К., э.ғ.к., кафедра меңгерушісі Әбілқасым А.Б., э.ғ.к. Оразова Б.Б., э.ғ.к. Иманбаев А.А., аға оқытушы Рысбаева С.К., аға оқытушы Молдалиева Р.Н. қатысты. Сабақ өз уакытында басталды, студенттер сабаққа белсенді қатысып отырды. Ұсыныс: өтетін тақырыпты бойынша ситуациялық есептер мен таратпа материалдарды көбейту.
14.10.2022ж. күні ЭК-120 тобында, магистр, оқытушы Айтжанов Т.А. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінен «Ғылыми техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, пән кешенін ашық сабақ барысында қолдана білу іскерлігі, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуі, оқытудың ерекше, жаңа белсенді технологиялары мен әдістерін қолдану іскерлігі, педагогикалық шеберлік элементтерінің көрінісін және оқытушы сабағы нәтижесі жан-жақты талқыланып, бағаланады. Сабақ өту барысында оқытушының өзін өзі еркін сезінуі сөйлеу мәнері жоғарғы оқу орнының талабына сай. Оқытушының қолында силлабус, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулығы болды. Ашық сабаққа э.ғ.к., кафедра меңгерушісі Әбілқасым А.Б., э.ғ.к., Жадигерова Г.А., э.ғ.к. Оразова Б.Б., э.ғ.к. Иманбаев А.А., аға оқытушы Рысбаева С.К., аға оқытушы Молдалиева Р.Н. қатысты. Сабақ өз уакытында басталды, студенттермен кері баланыс түзілді, студенттер сабаққа белсенді қатысып отырды. Ұсыныс: өтетін тақырыпты бойынша ситуациялық нақты жағдаяттарды қарастыру, себебі қарастырылып отырған тақырып қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі.
24.11.2022 күні ЭК-122 тобында, э.ғ.к., доцент Байтугелов О Б «Экономикалық теория» пәнінен «Макроэкономика және оның көрсеткішетері» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, пән кешенін ашық сабақ барысында қолдана білу іскерлігі, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуі, оқытудың ерекше, жаңа белсенді технологиялары мен әдістерін қолдану іскерлігі, педагогикалық шеберлік элементтерінің көрінісін және оқытушы сабағы нәтижесі жан-жақты талқыланып, бағаланады. Сабақ өту барысында оқытушының өзін өзі еркін сезінуі сөйлеу мәнері жоғарғы оқу орнының талабына сай. Оқытушының қолында силлабус, лекция конспектісі оқу бағдарламасы болды. Ашық сабаққа э.ғ.д., доцент Калыкулов К М., э.ғ.д., доцент Ускенов М., э.ғ.к., Ертаев Е Ж., аға оқытушы Сатыбалдина А ., аға оқытушы Сапарбаева С. қатысты. Сабақ өз уакытында басталды, студенттер сабаққа белсенді қатысып отырды. Кемшілігі: өтетін тақырыпты тақтаға жазып көрсетпеді.
17.03.2023ж. күні ҚР-120 тобында, магистр, аға оқытушы Молдалиева Р.Н. «Қаржылық менеджмент» пәнінен «Капитал нарығының желісі. Бағалы қағаздар нарығының желісі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, пән кешенін ашық сабақ барысында қолдана білу іскерлігі, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуі, оқытудың ерекше, жаңа белсенді технологиялары мен әдістерін қолдану іскерлігі, педагогикалық шеберлік элементтерінің көрінісін және оқытушы сабағы нәтижесі жан-жақты талқыланып, бағаланады. Сабақ өту барысында оқытушының өзін өзі еркін сезінуі сөйлеу мәнері жоғарғы оқу орнының талабына сай. Оқытушының қолында силлабус, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулығы болды. Ашық сабаққа э.ғ.д., профессор Купешев Ш.К., э.ғ.к., кафедра меңгерушісі Әбілқасым А.Б., э.ғ.к. Оразова Б.Б., э.ғ.к. Иманбаев А.А., аға оқытушы Рысбаева С.К., аға оқытушы Айтжанов Т.А.. қатысты. Сабақ өз уакытында басталды, студенттер сабаққа белсенді қатысып отырды. Ұсыныс: өтетін тақырыпты бойынша ситуациялық есептер мен таратпа материалдарды көбейту.
09.04.2023ж. күні ЭК-120 тобында, э.ғ.к., доцент Мусабеков К. «Шет елдердің экономикасы» пәнінен «Шет елдер экономикасының даму сипаттары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, пән кешенін ашық сабақ барысында қолдана білу іскерлігі, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуі, оқытудың ерекше, жаңа белсенді технологиялары мен әдістерін қолдану іскерлігі, педагогикалық шеберлік элементтерінің көрінісін және оқытушы сабағы нәтижесі жан-жақты талқыланып, бағаланады. Сабақ өту барысында оқытушының өзін өзі еркін сезінуі сөйлеу мәнері жоғарғы оқу орнының талабына сай. Оқытушының қолында силлабус, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулығы болды. Ашық сабаққа э.ғ.д., доцент Калыкулов К М., э.ғ.д., доцент Ускенов М., э.ғ.к., Ертаев Е Ж., аға оқытушы Сатыбалдина А ., аға оқытушы Сапарбаева С. қатысты. Сабақ өз уакытында басталды, студенттер сабаққа белсенді қатысып отырды. Кемшілігі: өтетін тақырыпты тақтаға жазып көрсетпеді.
2022-2023 оқу жылында «Бизнес және басқару» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 5 ашық сабақ жоспарланып өткізілді. Өзара сабаққа қатысу барысында жоғары деңгейде ашық сабақ өткен оқытушылар болды. Атап айтқанда э.ғ.м. Алиева Ф.У., э.ғ.м. Айтжанов Т.А., э.ғ.к., доцент Байтугелов О. Б., э.ғ.м. Молдалиева Р.Н., э.ғ.к. Мусабеков К.
2022-2023 оқу жылында «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушы- профессор құрамының өзара сабаққа қатысуы
12.09.2022ж. күні э.ғ.к. Ж.М. Андрееваның «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінен ЭК-120 тобында «Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Өзара сабаққа э.ғ.к. Жадигерова Г.А., э.ғ.м. Алиева Ф.У. қатысты.
18.10.2022ж. күні э.ғ.к. А.А. Иманбаевтың «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен ЕА-120 тобында «Құрылыс машиналары мен механизмдерге жұмсалған шығындар» тақырыбында практика сабағы өткізілді. Өзара сабаққа э.ғ.к. Оразова Б.Б., э.ғ.м. Молдалиева Р.Н. қатысты.
22.11.2022ж. күні э.ғ.м. Г.К. Турабаеваның «Кәсіпкерлік» пәнінен ЭК-121 тобында «Бизнесте персоналды басқару және іскерлік этика» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Өзара сабаққа э.ғ.м. Рысбаева С.К., э.ғ.м. Айтжанов Т.А. қатысты.
07.12.2022ж. күні э.ғ.к. С.Ж. Садыкованың «Валюталық бағам мен оны реттеу» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Өзара сабаққа э.ғ.д., профессор Джуманов А.М., э.ғ.м. Салқынбек Г.Ж. қатысты.
07.02.2023ж. күні э.ғ.м. Г.Ж. Салқынбектің «Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында практикалық сабағы өткізілді. Өзара сабаққа э.ғ.к., Әбілқасым А.Б., э.ғ.к. Андреева Ж.М. қатысты.
Дәріс және практикалық сабақта ПОҚ студенттердің назарын өзіне аудара білді.
6В04101 - Экономика
6В04102 - Есеп және аудит,
6В04103 - Қаржы,
6В04104 - Мемлекеттік және жергілікті басқару
Бакалавриат деңгейі кез-келген кәсіби іс-әрекетке қажетті негізгі құзыреттіліктердің дамуына әкеледі (ақпаратпен жұмыс жасау, қарым-қатынасқа түсу, қоғамдағы адамның мінез-құлқының әлеуметтік-құқықтық негіздерін иелену және т.б.) және кәсіби ерекшеліктерін көрсететін белгілі бір кәсіби іс-әрекеттің стандартты жағдайларда мүмкіндік беретін деңгейге дейін. Магистратураның білім беру бағдарламалары екі бағытта жүргізіледі - бейіндік және ғылыми-педагогикалық:
«Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушылары Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институтында біліктілікті арттыру семинарына қатысып, сертификаттарға ие болды.
«Бизнес және басқару» кафедрасының білім алушылары «Орталық Азия Инновациялық Университетінде» өткен «Білім және кәсіби дағдылар - қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі бағдарламалары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, марапатталды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы келесі ғылыми жобалар бойынша зерттеулер жүргізеді:
2019-2024 жылдардағы «Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық стратегияны жүргізудің оңтайлы жолдары».
2020-2022 жылдардағы «Жеміс-жидек көшеттеріне арналған питомникті дамытудың экономикалық тиімділігін есептеу».
Кафедра түлектері мемлекеттік қызметте, экономиканың нақты секторларында, ірі корпорацияларда, коммерциялық банктерде, шағын несиелерде, отандық және шетелдік фирмалардағы сақтандыру мен аудиторлық қызметтерде, сондай-ақ жеке құрылымдарда сұранысқа ие. Түлектердің 80% -дан астамы университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасады.
Қызметкерлер Университеттің, факультеттің және кафедраның Стратегиялық бағдарламасына сәйкес студенттерді даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларының сәтті жұмыс істеуіне үлес қосады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 50-ден астам адамды құрайды, оның ішінде 6 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты және 20-дан астам магистр мен аға оқытушылар. Ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін жоғары марапаттарға ие болған профессорлары: Қуашбай С., Шалабаев И.И.
Кафедра білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Кафедра әр түрлі қаржы-экономикалық құрылымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдерімен әр түрлі қызықты кездесулер өткізеді, практикалық тәжірибені қолдану және оны қолдану арқылы білім алушыларды ынталандыруға бағытталған «дөңгелек үстелдер», тренингтер, пікір-таластар, ашық сабақтар, онлайн кездесулер ұйымдастырады.
Кафедрада «Жаңа экономикалық бағдар басымдықтары – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы қадам!» Тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Э.ғ.к., доцент К.Калыкулов жолдауды таныстырды.