Филология кафедрасы


                               

 

«Филология» кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., доцент м.а. Ботабаева Ж.Н.
 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Ботабаева Жанна Нуралиевна 25.06.1970 жылы туылған. 1993 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Шымкент педагогикалық институтының «Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік  дипломмен бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қаласында бастаған. 1993ж. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы болып қызмет істеді. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде кандидаттық диссертациясын  қорғап, филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежесін алды. Ботабаева Жанна Нуралиевна 40-тан астам ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік еңбектердің авторы. Алыс және жақын шетелдік, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.
Университеттегі білім сапасын арттыруға, инновацияны, ғылымды дамыту мақсатында ғылыми жобаларға қатысуды ұйымдастырып, әр жыл сайын профессор-оқытушылар арасында және студенттік конференцияларды ұйымдастырып отырады.

 

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Филология кафедрасы 2001 жылы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. доцент З.К.Керімбаева тағайындалып, кафедра құрамында қазақ, ағылшын және орыс тілі мамандықтары бойынша жұмыс жүргізілді. 2002 ж. Кафедра “Қазақ тілі мен әдебиеті ” болып бөлініп шықты. 2002-2008 жж аралығында кафедра меңгерушілігін ф.ғ.к. доцент З.К. Керімбаева, ф.ғ.к., профессор Қ.Молдабек, аға оқытушы З. Оразалиева, ф.ғ.к. аға оқытушы С.Е. Керімбаевалар атқарды. 2008 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті ” кафедрасының атауы өзгеріп “Филологиялық пәндер” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедрасы меңгерушісі болып ф.ғ.к. аға оқытушы Ботабаева Жанна Нұралықызы тағайындалды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны ф.ғ.к. аға оқытушы Керімбаева Сания Есенгелдіқызы басқарды. 2010 жылдың 1қыркүйегінен бастап “Филологиялық пәндер” кафедрасы мен “Шетел филологиясы” кафедрасы бірігіп, “Филология” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны 2010-2012 оқу жылдарында ф.ғ.к. аға оқытушы Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы басқарды. 2012-2013 оқу жылында ф.ғ.к., доцент м.а Керімбаева Сания Есенгелдіқызы қайта тағайындалды. 2015-2016 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к,. аға оқытушы Нұрымова Қарлығаш  Убайдуллақызы тағайындалып, қазіргі күнге дейін басқарып келеді. Кафедра құрамына 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиет, 5В01180-Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары кіреді. Сонымен қатар кафедрада 6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрлер даярлап шығарады.

 

 

 

 

 

 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61