Ғылым бөлімі


  Шымкент университетінің ғылым бөлімі профессор-оқытушылар құрамның ғылыми-зерттеу жұмысымен және халықаралық серіктестікті дамытудағы мәселелерді шешу үшін құрылған.
               Миссиясы: кадрлық потенциалды жоғарылату - отандық және халықаралық ғылым саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау.
           Мақсаты: классикалық университетті жоғары дәрежелі ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру.
 
    Ғылыми бөлімнің негізгі бағыттары:
• ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің сапасын арттыру және жетілдіру;• халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;• Бизнес-инкубаторды құру арқылы қаржылық-экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру;• Университет ішілік, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды және семинарларды ұйымдастыру.
                Шымкент Университетінің Гылым кенесінде бекітілген
                     Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор , профессор) беру ережесі
                                      Протокол№ 3     30 .10.17
  1. Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына 1-қосымшасына ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор , профессор) берудің тәртібін анықтайды.
  2. Қауымдастырылған профессор және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми техникалық кеңесінің  кандидатуралар бекіту негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.
  3. Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:
      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.
      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 ғылыми мақаласы (тезистер емес) ), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын    5 басылымдарда  ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 1 ғылыми мақаласы.
      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы.
       Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
      
        4-1. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
       1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
       2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 10(он )  ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері, оның ішінде:
      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 5 (бес)  ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 1 (екі)  немесе шетелде ұсынылған 1 (бір) шығармашылық еңбегі;
       шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 1 (бір) рет қатысуы;
       3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері есептеледі.
      
        4-2. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері;
       3) осы Ереженің 4-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).
      .  4-3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушы-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он ) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде: уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 5 (бес)  шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 1 (екі) ; шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 1 (бір)  баяндамасы;
       3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).  
      .4-4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт мамандарына мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес);
       3) осы Ереженің 4-3-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).
  1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:
      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
       2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 20 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 10 ғылыми мақала және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 1 ғылыми мақала;
  • 3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 1 тұлғасы.
       Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
       5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:
      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 35 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 және Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 1) ғылыми мақаласы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған 2 оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады).
      Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 2 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
       5-2. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
       2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған (жасалған), сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбегі, оның ішінде:
       уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 ғылыми мақаласы және (немесе) шетелде ұсынылған  1 шығармашылық еңбегі;
      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 1 баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 1рет қатысуы;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалар (ұжымдар) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері есептеледі.
    
       5-3. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, Заңда қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) шығармашылық еңбегі;
       3) осы Ереженің 5-2 тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған 1тұлғасы (ұжымдары).
    5-4. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
       2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде:
      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 ғылыми мақаласы;
      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 1 ғылыми мақаласы;
      
 3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кеин жарияланған монографиясы(авторлығы кемінде 6 баспа табақты курайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 1тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар).
      
       5-5. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар және Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;
      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 ғылыми мақаласы;
      3) осы Ереженің 5-4-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған тұлғасы (ұжымдары).
  1. Ғылыми атақ беру туралы қолдау хатты Ғылыми техникалык кенеске факультеттің ғылыми кеңесі ұсынады.
      Қолдау хатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:
       1) ілеспе хат -  материалдарды жіберу мерзімі көрсетілген Факултет Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;
      2) еңбектер тізімі және тиісті жарияланымдар көшірмелері;
       3) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген факультеттің Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;
      4) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері;
      5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
       6)  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) шәкірттер (ғылыми дәрежесі бар тұлғалар) дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері немесе монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының) түпнұсқасы;
      8) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегі (болған жағдайда) жазылу туралы мәлімет.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61