Шымкент университетінің Математика және информатика кафедрасының «Жасанды интеллект негіздері» үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Іс-шара Жас ғалымдар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.Отырыстың негізгі тақырыбы – «Күн батареялы робомобиль» жобасы болды. Үйірме мүшелері мен студенттер жасанды интеллект технологияларының қазіргі даму бағыттарын, сонымен қатар күн энергиясын пайдалану арқылы экологиялық тұрғыдан тиімді роботтық жүйелерді құрастырудың мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында студенттер өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, күн қуатын тиімді пайдалану мәселелері жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Іс-шара жастардың ғылыми ойлауын, инновациялық қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Шара соңында кафедра оқытушылары мен студенттер жасанды интеллект технологияларын тәжірибелік бағытта жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
«Жасанды интеллект – болашақтың кілті, ал біздің студенттер – сол болашақтың бастамашылары» деген ұранмен үйірме өз жұмысын қорытындылады.


