Түркияның Ankara University университетінен PhD доктор Джейда Зеренай академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шет тілдері мамандығының білім алушыларына арнайы дәрістер оқыды.

Түркияның Ankara University университетінен PhD доктор Джейда Зеренай академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шет тілдері мамандығының білім алушыларына арнайы дәрістер оқыды.

Дәрістер барысында доктор Джейда Зеренай заманауи тіл оқыту әдістемелері, халықаралық білім беру тәжірибесі, сондай-ақ шетел тілдерін меңгерудің тиімді жолдары туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Студенттер үшін бұл кездесу тек теориялық білім алып қана қоймай, шетелдік маманмен тікелей тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Сонымен қатар, дәріс барысында интерактивті тапсырмалар, пікірталастар ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халықаралық деңгейдегі маманнан құнды жауаптар алды.

Академиялық ұтқырлық аясындағы мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, олардың шет тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын арттыра түседі. Бұл шара оқу үдерісінің сапасын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы