Шымкент университеті халықаралық байланыстарын кеңейту және білім беру сапасын арттыру мақсатында Түркия Республикасының беделді жоғары оқу орындарының бірі – Анкара университеті жанындағы «Төмер» (Түрік тілін оқыту орталығы) тіл үйрету орталығымен екі жа

Шымкент университеті халықаралық байланыстарын кеңейту және білім беру сапасын арттыру мақсатында Түркия Республикасының беделді жоғары оқу орындарының бірі – Анкара университеті жанындағы «Төмер» (Түрік тілін оқыту орталығы) тіл үйрету орталығымен екі жақты ынтымақтастық туралы маңызды Меморандумға қол қойды.

Аталған келісімнің басты мақсаты – екі оқу орны арасындағы академиялық, ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну болып табылады. Ынтымақтастық аясында студенттерге түрік тілін тереңдетіп оқыту, тілдік тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, бұл Меморандум оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге үлкен серпін береді. Екі тарап та білім сапасын халықаралық деңгейге көтеру, студенттердің кәсіби және тілдік құзыреттілігін арттыру бағытында тығыз жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

Осылайша, Шымкент университеті мен Анкара университетінің «Төмер» орталығы арасындағы әріптестік – жастарға сапалы білім беруге, халықаралық тәжірибе жинақтауға және мәдениетаралық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы