Послание ректора


Image

Құрметті Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы,

студент жастар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз қарқынды дамып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясын жемісті жүзеге асырып келеді. Қазақстан ғылым мен техниканың түрлі салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, ТМД елдерінің арасында жарқын бастамалардың көшбасшысы болып отыр. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз орасан жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің саяси жүйесі, экономикасы, әлеуметтік саласы түбегейлі, сапалы өзгеріп, әлем алдында зор беделге ие болды.

Қазіргі таңда барлық салада елеулі өзгерістер болып жатыр. Сіздер оның айқын куәсі болып отырсыздар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше назар аударған жоғары білім беру саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, бүгінгі таңдағы сұранысқа орай мамандарға жаңа талаптар қойылып отыр. Болашақта Қазақстанның дамыған мемлекеттердің қатарында үздік орындарды иеленуі үшін жоғары білікті маман даярлау қажет. Міне осы бағытта Шымкент университеті де өз үлесін қосып келеді.

Шымкент Университеті Оңтүстік өңірінде 2001 жылы негізі қаланып, студенттерге сапалы білім беріп, жоғары білікті маман даярлауға өзіндік үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Басты миссиямыз «Қазақстанның Оңтүстік аймағы үшін білімді, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды тәрбиеленген мамандар даярлау»!

Университетте оқытудың күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 24 мамандық бойынша бакалаврлар даярласа, 6 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытында магистрлер даярлайды. Университетте елімізге танымал ғылым докторлары, профессорлар мен  ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Университетте жастардың шығармашылық қабілетін арттыруға, дамытуға бағытталған «Жастар ұйымы», «Жас Отан Жастар қанаты», «Студенттік өзін-өзі басқару клубы» мен «Әділет» пікір-сайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы және спорттық, мәдени іс-шаралар үйірмелері жұмыс істейді

Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет етудемін және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, барлық жағдайдың жасалып отырғандығын айтқым келеді. 

Біз, Сіздерді жоғары білім алуға  шақырамыз және Сіздерді оқу орнымызда көруге қуаныштымыз!

 

Құрметпен,

Ректор, Педагогика ғылымдарының докторы

Сейтқұлов Нұрлыбек Акынұлы!


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61