Оқу ісі жөніндегі проректор


Құланова Сандуғаш Шәрібекқызы

Оқу және ғылыми істер жөніндегі проректор,

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

1978 жылы 4 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1999 жылы М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология» факультетіне қарасты «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылдары аталған университет жанынан құрылған техникалық лицейде (бұл күндері жеке мекеме) қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастайды.

2003-2007 жылдар аралығында «Қайнар» университетінің Оңтүстік Қазақстан аймақаралық филиалында оқытушылық қызметте болды.

2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент университетінде жұмыс жасайды.

2009 жылы қарашасында оқу бөліміне әдіскер болып ауысқан. 2011 жылдың 7 ақпанынан оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне көтерілген. 2013 жылдың                1 қыркүйегінен оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг басқармасы құрылып, сол басқарманың тізгінін қолына алған.

2019 жылы қыркүйегінен Шымкент университетінің оқу және ғылыми істер жөніндегі проректор қызметіне сайланды.

2010 жылы 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша «М. Байғұт прозасындағы ұлттық идея және кейіпкер әлемі» атты тақырыпта өзінің кандидаттық диссертациясын қорғаған. Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. 25 астам жарияланған мақаланың  авторы.

Қазіргі таңда, Құланова Сандуғаш  Шәрібекқызы «Шымкент университеті» мекемесінің оқу үдерісіне жауапты. Ұстаздық қызметпен қатар, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңес беру қызметтерін жүзеге асырып келеді.

Көптеген марапаттаулар мен алғыс хаттарға ие, білім беру жүйесінде абыройлы қызмет атқарғаны үшін түрлі медальдармен награтталған.

2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтен «ҚР  білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін»  алғыс хатын алған.

Құланова Сандуғаш Шәрібекқызы ұжымда және ғылыми ортада өзінің кәсіби шеберлігімен, басқарушылық біліктілігімен үлкен беделге ие.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61