«Ғылымдағы жастар – болашақтың үміті»

«Ғылымдағы жастар – болашақтың үміті»


 

Шымкент университетінде 18 сәуір 2019 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “2019жыл – Жастар жылы” жолдауына негізделген «Ғылымдағы жастар – болашақтың уміті» республикалық ғылыми – практикалық конференция өтіліп жатыр.

Университет ректоры п.ғ.д., профессор Н.А.Сейтқұлов конференция қатысушыларына сөзін арнап,университетте ұйымдастырылып отырған бүгінгі "«Ғылымдағы жастар – болашақтың үміті» атты республикалық ғылыми-практикалық" конференциясына қатысушыларды құтықтау сөзімен қарсалды.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санайтындығын, қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігін, біздің еліміздің алдында, барлық адамзат алдында тұрған жаңа міндеттер мен проблемаларды шешу біздің және тиесілі жастардың еңшісінде екендігін атап өтті. Конференцияның мақсаты жастарымыздың еңселі болашағына нық бағыт беріп, жастардың көптеген жоба­ларын, идеяларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік боларына сөзсіз сенім­діміз.  Алдағы уақытта Қазақстанның өтке­нін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты жастардың мерейі үстем болып, еліміздің гүлденуіне, болашағымыздың жарқын болуына  көптеп үлес қосарына сенімін білдірді.

Конференцияның жұмысы барысында бірнеше ой – толғандыратын мәселелер көтерілді, олардың арасында белгілі ғалымдар Ешибаев А.А., Исаева А.У., Ескендиров Ш.З. және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері және университеттің профессорлары мен оқытушылары болды.

Сонымен қатар университет профессорлары елімізде жастардың креативті, жаңаша ойлай білетін жаңа толқыны өсіп келе жатқанына сенімдімін білдірді.

Жастар тарапынан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2019 жылды Жастар жылы» - деп жария­лауы  біз үшін қуантарлық жағдай болғандығын, елдегі жас буын өздерінің идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, білім мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті жаңа қоғам құруға атсалысуға арнайтындығын, Мемлекет тарапынан жастарға ерекше назар аударылып, жағдай жасалғалы отырғандықтан, осы күнге дейін және алдағы уақытта алған біліміміз бен тәжірибемізді елімізге арнауға дайындығын ерекше атап өтті.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61