Ғылыми шаралар


Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары

                Университеттің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру мен тұрақтандыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске ендіру.

               Шымкент университеті 2018 жылдың қаңтарында «Ғылыми және ғылыми техникалық субъект ретінде аккредиттеу туралы сертификат алды. Осылайша, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы 2018-2020 жылдарға арналған жобаларды қаржыландыру конкурсына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 өтініш берді.

            Университет қабырғасында 2018-2020 жылдарға арналған «Отандық тұзқұрамды және өсімдік шикізатын фармокологиялық зерттеулеріне негізделген жаңа косметологиялық өнімді алу және өндіру технологиясын жасау» тақырыбында ҚР БжҒМ ғылыми-зерттеу жобасын гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  Қаржыландыру сомасы 32 400 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жобаға Адам Мицкевич атындағы Познань мемлекеттік университетінің жетекші ғалымдары қатысты. Нәтижелері импакт-факторы нөлге тең емес халықаралық журналдарда 3 мақала, Scopus деректер базасындағы журналдарда 2 мақала және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде тіркелген журналда 4 мақала жарияланды. Сондай-ақ, жұмыс нәтижелері халықаралық конференцияларға ұсынылды.

               Зерттеудің негізгі бағыттары мен тақырыптары: 

Юриспруденция

  1. ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық және азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және еңбек заңнамасын кодификациялау мәселелері;
  2. Білім беру ұйымдары басшысының құзыретін дамыту жолдары;

 

Экономика және қаржы

  1. Өңірлік жүйелерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері;
  2. Аймақтық басқару жүйелерінің экономикалық және әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы;
  3. Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру және дамыту әдістерін зерттеу және дайындау;

 Қазақстанның географиясы және тарихы1., Қазақстан Республикасының экономикалық географиясын және туристік-рекреациялық ресурстарының өзекті мәселелерін зерттеу; Филология1.      Тіл және әдебиетті зерттеу және оқытудың өзекті мәселелері;2.      Түркі халықтарының мәдени мұраларын жіктеу; Информатика және математика1.      PROLOG тіліне жасанды интеллект базасында бағдарлама және алгоритм әзірлеу;2.      Қазіргі заманғы математика, физика және информатика пәндерінен студенттердің шығармашылық қабілеттерін және қолданбалы аспектілерін жетілдіру;3.      Студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және математиканың қолданбалы аспектілері; Жаратылыстану ғылымдар1. Оңтүстік Қазақстанның құрғақ климат жағдайында жаратылыстану ғылымының іргелі және қолданбалы мәселелерін шешу жолдарын зерттеу;2. ҚР-сы әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары өсімдіктерінің химиялық құрамы мен қоректілік құндылығын зерттеу.  3. Қойдың ірі жүнді тұқымдарының ет өнімділігін арттыру мақсатында азықтандыру құрылымын жетілдіру есебінен рациондардың энергетикалық және протеинді қоректілігін арттыру әдістерін жасау.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы су көздерінің экологиялық жағдайын зерттеу;

  1. Оңтүстік Қазақстанның дендрофлора ауруларының зиянкестері мен қоздырғыштарына қарсы кешенді әсер ететін биологиялық препаратты жасау;
  2. Жазық егіншілік жағдайында тау сағыз скорзонерасын өсіру технологиясын жасау;

 

Педагогика

  1. Әлемдік білім бері аясында интеграция талабына сай болашақ мамандардың жеке кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
  2. Оқу орындарында салауатты тәрбие беру әдістері арқылы жастардың денсаулығы мен физикалық жағдайын жоғарлату мәселелері.
  3. Бауыржан Момышұлы туындыларындағы тәрбие мен патриотизм мәселелері.м

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61