Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның көкейкесті мәселелерін шешуге тарту, студенттердің білім және ғылым байланыстарын дамытуға көмектесу – мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттегі мамандар дайындаудың, оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың әлеуетін ғылымның және техниканың түрлі көкейкесті мәселелерін шешуге паудалануға мүмкіндік береді. 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру, және әрі қарай магистратурада оқитын талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып табылады.  

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

1. Ғылыми қызметке талабы бар дарынды студенттерді анықтау;

2.Отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік зерттеулер тәжірибесінде және нәтижелерінде негіз болатын жастардың ғылыми шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасау;

3. Студенттің жан-жақты дамуына, өзін-өзі бағалауының қалыптасуына, өзіндік жұмыс дағдысын және шығармашылық ұжымда жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектеседі.

4. Ғылым мен техниканың түрлі саларындағы басым бағыттар бойынша қолданбалы, іргелі, іздену, әдістемелік және педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;

5. ЖОО-ның педагогикалық және ғылыми кадрларын толықтыру үшін қабілетті, дарынды және талантты жастарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету;

6. Ғылым мен техниканың түрлі саларындағы ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге арналған оқытушылар мен студенттердің ғылыми-практикалық әлеуетін біріктіру.

СҒЗЖ негізгі бағыттары:

- ЖОО ішінде пәндік олимпиадалар мен мамандықтар бойынша конкурстар ұйымдастыру және жүргізу;

- республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға  қатысу;  

- студенттер жұмысымен республикалық конкурсқа қатысу;  

- түрлі деңгейдегі ҒТК баяндамалар дайындау және қатысу;

- студенттермен магистранттарды орындаушы ретінде мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;

- курс жұмыстары мен диплом жобалары конкурстарын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;

 - ғылыми мақалалар мен тезистер дайындау және жариялау;

- еліміздің және шетелдердің жоо-ның құрылымдық бөлімшелерімен байланысты жүзеге асыру;

- студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысы.

ЖОО өткізілетін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, жоба және басқа да жұмыстарға студенттердің тікелей қатысуы СҒЗЖ ұйымдастыру формасы және іс-шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олар үш топқа бөлінеді: 

- оқу процесіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмысы;

- оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы;

- ғылыми, ғылыми-техникалық жалпы ұйымдастыру шаралары, оның ішінде СҒЗЖ жүйесін дамытуды ынталандыратын жарыстар, студенттер шыгармашылығы (студенттік ғылыми конференциялар, семинарлар, студенттік олимпиадалар, конкурстар және т.б.), студенттердің ғылыми еңбегінің нәтижелілігін және тиімділігін анықтайтын (жарияланымдар, ғылыми есептердегі авторлық, жарыс шараларының марапаттары) іс-шаралар.

Оқу процесіне қосылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу тапсырмаларының, оны ішінде өндірістік және оқу практикаларын, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілік жұмыстардың орындалуын қарастырады. 

Студенттердің оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай формаларда жасалады: 

• Студенттік ғылыми семинарлардағы, конференциялардағы, конкурстардағы жұмыстары;

• Студенттік ғылыми және ғылыми-техникалық бірлестіктер (студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық, жоба, технологиялық, ғылыми ақпарат, аударма, экономикалық және басқа бюроларда, шығармашылық шеберханаларында және үйірмелерде, ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарында, ҒЗИ және т.с.).

СҒЗЖ-ның үдемелі формалары:

• мекемелерге көмектесуге бағытталған  жазғы немесе өндірістік практика кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар, жұмыстар;

• курстық және диплом жобаларын өндіріске енгізу бойынша шығармашылық топтар;

• кафедрааралық студенттік ғылыми үйірмелер.

Қазіргі уақытта СҒЗЖ-нің түрлі формаларымен студенттердің  70%-ы қамтылған.

Студенттік ғылыми-үйірмелер жалпы ғылыми және арнайы кафедраларда, жоо ғылыми бөлімдерінде ұйымдастырылады. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша аннотациялар, рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырысында, кафедраның ғылыми семинарларында пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді және жүйелі жүргізіп жүрген студенттер, студенттік ғылыми қоғамдастыққа (СҒҚ) бірігеді. 

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіруде ұйымдастыру-жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:

• Жыл сайынғы университетте өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық коференциялар;

• Республикалық, аймақаралық, ЖОО-ішілік, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, жиналыстар;

• Жастардың ғылыми шығармашылық көрмесі;  

• Жыл сайынғы ҚР ЖОО-да жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша СҒЗЖ республикалық конкурс;

• студенттерді ең жақсы студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсыну.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері арнайы студенттік ғылыми конференцияларда, семинарларда баяндалады.

Студенттердің баяндамасы жазбаша түрде, жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделеді және ұсынылады. Студенттің баяндамасы орындалған зерттеулердің есебі немесе ғылыми жұмыстардың аяқталған кезеңіндегі есебі болуы мүмкін. 

Семинарды студент баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекші жүргізеді.  

Семинарда баяндамаларды ғылыми конференцияларға ұсыну туралы, студенттік жұмыстардың жариялануы және оларды конкурсқа ұсыну туралы мәселелер шешіледі.

Ғылыми зерттеу материалдары бойынша студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға, семинарларға, конференцияларға қатысу үшін іссапарларға шығады.

2011-2016 жылдары аралығында университетте 6 студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді:

2012 жылы «Қазіргі жағдайдағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат және оны іске асыру мүмкіндіктері» республикалық конференциясы;

2013 жылы «Студенттік ғылымның даму перспективалары және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы білім беру мен зерттеу үрдістерін интеграциялаудың маңызы» аймақтық конференциясы;

2014 жылы «Қазақстан 2050 стратегиясы аясында білім, ғылым және инновация дамуының басым бағыттары» халықаралық конференциясы;

2015 жылы «Қазіргі жағдайдағы жоғары оқу орындарындағы ғылым мен білімнің даму болашағы» халықаралық конференциясы;

2016 жылы «Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» республикалық конференциясы;

Ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеткен табыстары үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады, айтулы көрмелерге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу үшін мадақталып, жіберіледі. 

Университетте студенттерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет. Біздің университетіміздегі оң үрдістер бұдан әрі де дами беретініне сенімдіміз. 

 

 

        

 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61