«Құқықтық мәдениет және тарихи мұраны сақтау» тақырыбында ғылыми семинар өтті
2026 жылғы 22 қыркүйекте Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет және тарихи мұраны сақтау» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинардың негізгі мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын айқындау, тарихи мұраны сақтаудың өзектілігін талқылау және ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мәселелерін кеңінен қарастыру.
Іс-шара барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеу, тарихи-мәдени мұраны қорғау және оны келешек ұрпаққа аманат ету бағыттары бойынша мазмұнды пікірлер айтылды. Сонымен қатар тарихи мұраны насихаттаудың жастардың азаматтық ұстанымы мен қоғамдық жауапкершілігін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясында ой бөлісті. Тағылымы мол кездесуде құқық пен тарихтың сабақтастығы, ұлттық мұраны сақтау және құқықтық мәдениетті нығайту мәселелерінің маңыздылығы айқындалды.
Ғылыми семинар мазмұнды п



