Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School
«Математика және Информатика» кафедрасының меңгерушісі
Педагогика ғылымының кандитаты
Өтебаева Шолпан Керімбайқызы.
2012 оқу жылынан бастап Шымкент Университетінің «Математика және Информатика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2003-2021 жылдар аралығында 70-дан астам ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық конференцияларда жарық көрді. Бірнеше әдістемелік нұсқаулар, атап айтқанда: «Математикалық есептер шешу практикумы», «Математиканы оқыту әдістемесі» пәндерінен, сонымен қатар «Элементар математика» пәнінен студентердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау дайындалған. 2018 жылы «Математикалық ұғымдарды физикалық мазмұнды есептер шығару арқылы қалыптастыру» атты ғылыми мақаласы WORLD Science журналында (Dubai,ИАЕ) жарияланды. Осы уақытқа шейін 25 магистрантқа ғылыми жетекшілік жасады.
Т.А.Ж: Утебаева Шолпан Керимбаевна
Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Туған жылы: 01.01.1946
Жұмыс өтілі: 45 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі:
Математикадан таңдамалы есептер шешу
Математиканы оқыту әдістемесі
Тригонометрия
Математикалық талдау
Математика тарихы және методологиясы
Т.А.Ж: Кобеева Загира Сапарбековна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы.
Туған жылы: 15.01.1982
Жұмыс өтілі: 15 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі:
1. С++ негіздері
2. Мультимедиялық технологиялар
3. Мектептегі информатика курсы
4. Ақпараттық жүйелер
5. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
6. Объектіге бағытталған программалау
7. Программалау
8. Алгоритмдер теориясы
Т.А.Ж: Қалдыбаев Абдималик
Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Туған жылы: 01.01.1946
Жұмыс өтілі: 53 жыл
Оқытылатын пәндері:
Кәсіптік оқытудағы ғылыми зерттеу негіздері
Конструкторлық өнеркәсіп эстетикасы
Киімді автоматтандыру және жобалау
Т.А.Ж: Джанабаев Даурен Жумагалиевич
Туған жылы: 19.05.1989
Ғылыми дәрежесі: PhD доктор
Жұмыс өтілі: 5 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі:
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Жасанды интеллект негіздері
Т.А.Ж: Турдалиев Жандос Қалдыбайұлы
Ғылыми дәрежесі: Магистр,аға оқытушы
Туған жылы: 12.07.1992
Жұмыс өтілі: 5 жыл
Оқытылатын пәндері:
Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру
Мобилді қосымшаларды құрастыру негіздері
Басқару модельдері мен әдістері
Т.А.Ж: Медетбекова Рыскуль Ашималиевна
Ғылыми дәрежесі: Физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Туған жылы: 03.12.1954
Жұмыс өтілі: 38 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі:
Алгебра және геометрия
Дифференциялдық теңдеулер
Алгебралық теңдеулерді жуықтап шешу әдістері
Геометрия негіздемесі
Т.А.Ж: Жуманова Раушан Есенбековна
Ғылыми дәрежесі: Магистр,аға оқытушы
Туған жылы: 17.07.1982
Жұмыс өтілі: 16 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Программалау
Білім берудегі АКТ.
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатиканың теориялық негіздері
Математикалық бағдарламалау
Т.А.Ж: Тлеубергенов Марат Идрисович
Ғылыми дәрежесі: Физика математика ғылымдарының докторы, профессор
Туған жылы: 01.01.1952
Жұмыс өтілі: 37 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі
Графтар теориясы және оның қолдану салалары
Т.А.Ж: Жантуреева Меруерт Жумахановна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 19.02.1980
Жұмыс өтілі: 19 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі:
Компьютерлік сызба
Операциялық жүйе
Электронды есептеуіш машинадағы практикум
Алгоритмдер теориясы
Ақпараттық жүйелер
Компьютерлік графика
Т.А.Ж: Керимбаева Кульзинат Заурбековна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 21.02.1966
Жұмыс өтілі: 38 жыл
Оқытылатын пәндер тізімі
Геометрия негіздемесі
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Алгоритмдер теориясы
Бағдарламаны өңдеудің құрал жабдықтары
Операциялық жүйелер
Обьектіге бағытталған программалау
Математикадағы бастауыш курс негіздері
Мектеп курсындағы математикалық анализ элементтері
Алгебра және геометрия
Элементарлық математика
Функциялар теориясы және функцияналды анализ бастамалары
Т.А.Ж: Асанова Анар Тұрмағанбетқызы
Ғылыми дәрежесі: Физика математика ғылымдарының докторы
Туған жылы: 17.08.1967
Жұмыс өтілі: 31 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Геометрия негіздемесі
Ықтималдықтар теориясы и математикалық статистика
Графтар теориясыжәне оның қолдану салалары
Т.А.Ж: Абдрашова Эльмира Тлесовна
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 12.03.1981
Жұмыс өтілі: 29 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Жасанды интеллект негіздері
Объектіге бағытталған программалау
Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру
Мектеп информатика курсын оқыту әдістемесі
Информатиканың теориялық негіздері
Т.А.Ж: Тұрлыбай Гүлсінай Сегізбайқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 17.05.1993
Жұмыс өтілі: 7 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Басқару модельдері мен әдістері
Ақпарат қауіпсіздік негіздері
Информатиканың теориялық негіздері
Т.А.Ж: Молдакулова Нургайша Абдикаримовна
Ғылыми дәрежесі: магистр оқытушы
Туған жылы: 26.12.1984
Жұмыс өтілі: 5 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Кәсіптік оқытудағы ғылыми зерттеу негіздері
Киімді автоматтандыру және жобалау
Конструкторлық өнеркәсіп эстетикасы
Т.А.Ж: Ерғали Жолбарыс Нұрлыбайұлы
Ғылыми дәрежесі: магистр, аға оқытушы
Туған жылы: 07.08.1980
Жұмыс өтілі: 7 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Ақпараттық коммуникациялық технология
Т.А.Ж: Таджиханова Камила Ибрагимқызы
Ғылыми дәрежесі: магистр оқытушы
Туған жылы: 03.03.1997
Жұмыс өтілі: 2 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Алгебра және геометрия
Математиканы оқыту әдістемесі
Математика тарихы және методологиясы
Графтар теориясы
Сандар теориясы
Еселік және беттік интегралдар
Тригонометрия
Функциялар теориясы мен функционалдық анализ бастамалары
Математикалық талдау ІІ
Комплекс айнымалы функцияның теориясы
Т.А.Ж: Әбдімәлік Үміт Нұрғисақызы
Ғылыми дәрежесі: магистр оқытушы
Туған жылы: 17.10.1998
Жұмыс өтілі: 1 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Мәліметтер қоры және ақпараттық
Обьектіге бағытталған программалау
Электронды есептеуіш машинадағы практикум
Компьютерлік технология
Бағдарламамен қамтамасыз ету
Операциялық жүйелер
Компьютерлік графика
Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология
Жүйелік бағдарламалау
Ақпараттық жүйелер
Мобильді қосымшаларды құрастыру негіздері
Т.А.Ж: Калымбетова Гулмира Примжановна
Ғылыми дәрежесі: аға оқытушы
Туған жылы: 15.06.1969
Жұмыс өтілі: 29 жыл
Оқытылатын пәндердің тізімі:
Кәсіптік оқытудағы ғылыми зерттеу негіздері
Киімді автоматтандыру және жобалау
Конструкторлық өнеркәсіп эстетикасы
Физика - Информатика мамандығы 2000-2001 оқу жылында ашылды. «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының құрамында болды. 2001-2002 оқу жылында жаңадан ашылған «Математика-Экономика пәндер» кафедрасына қосылды. 2002-2012 оқу жылында дербес «Физика және информатика» кафедрасы болып жасақталды. Сол жылдар аралығында кафедрада 4 ғылым докторы 15 ғылым кандидаты, 20 магистр оқытушылар қызмет атқарды. 2012-2013 оқу жылынан бастап «Математика және Информатика» кафедрасы болып аталды. 2010-2011 оқу жылында 6М010900 - Математика мамандығына мерзімі шектеусіз лицензия алынды. Кафедра осы уақыт аралығында 250 магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасалып магистр ғылыми дәрежесін берді. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде жетекшілік жасап қатысады.
Ғылыми - зерттеу нәтижелері бойынша соңғы үш жылда ПОҚ - ы 90 ғылыми мақалалар жариялап, 20 - оқу құралын; 3 - оқулық, 50- әдістемелік нұсқаулар дайындап, баспадан шығарған. Қазіргі таңда кафедрада 3 ғылым докторы, 2 PhD доктор, 16 ғылым кандитаты, 13 магистр оқытушы жұмыс атқаруда.
1) 6В01501 – Математика білім беру бағдарламасы. Академиялық дәрежесі: «Математика білім беру бағдарламасы» бойынша білім бакалавры
2) 6В01502 – Информатика білім беру бағдарламасы. Академиялық дәрежесі: «Информатика білім беру бағдарламасы» бойынша бакалавры
3) 6В06101- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», Академиялық дәрежесі: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» техника және технологиялар бакалавры
4) 6В01404 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы. Академиялық дәрежесі: «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
5) 6В01405 – «Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы. Академиялық дәрежесі: «Көркем еңбек және жобалау» бакалавры
6) 7М01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы. Академиялық дәрежесі: «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогика ғылымдарының» магистрі.
6В01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
білім беру, ғылыми зерттеу, әлеуметтік -педагогикалық, ұйымдастыру - тәрбиелеу, мәдени – ағартушылық және математика пәні мұғалімі қызметтерін атқара алады.
6В01502 –«Информатика» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер информатика оқу пәнінен және басқа қосымша мамандықтарға сәйкес басқа оқу пәндерінен әртүрлі жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, колледждерде, лицейлерде сабақ беруге, соның ішінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияны қолдану қызметтерінде жұмыс атқара алады.
6В01404 - Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасын бітірген түлектер:
- жаратылыстану ғылымдардағы, техникадағы процесстер және құбылыстардың математикалық үлгілерін өңдеу; әртүрлі жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, колледждерде, лицейлерде сабақ беру жаңа технологияларды пайдаланып, ғылыми негізде өз жұмысын ұйымдастыру, білім беру саласында оқыту; өндіріс салаларында жұмыс істей алады.
7М01501 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша магистр ЖОО-да ассистент немесе оқытушы, халықтық білім беру бөлімінде методист, ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда және есептеу орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істей алады.
6В01606 - Есептеу техниикасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасын бітірген түлектер, Ғылыми-зерттеу институттарында, Жоғары оқу орнындарындағы лабораторияларда, Конструкторлық бюролардағы приборлар мен жабдықтар; Физикалық-математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді жаратылыстанудың әртүрлі облыстарындағы информациялық жүйелер мен технологияларда қолдану салаларында қызмет атқара алады.
«Математика және Информатика» кафедрасында 6В01501 – «Математика», 6В01502 - «Информатика», 6В06101- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В01404- «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге арналған жоспар дайындалған. Студенттер № 412, 417, 435, 261, 240, 246, 252, 242 дәрісханаларын пайдалануда және осы дәрісханаларда сабақ оқиды. Осы дәрісханаларда лайықты көрнекі және заманауи техникалық құралдардан арнайы жабдықтармен жабдықталған. Дәрісханаларда көрнекі және техникалық құралдардан: плакаттар, кестелер, диафильмдер, кодоскопқа арналған транспоранттар және компьютерлер бар. Білім беру бағдарламасының студенттері жалпы білім алу пәндерінен зертханалардан, лингафондық кабинеттерден, компьютерлік кластардан пайдаланады.
6В01501 – «Математика», 6В01502 – Информатика, 6В06101-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В01404- Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар ҚР, Шымкент қаласы, Түркістан облысы және жақын шетелдік арнаулы мамандандырылған мекемелерімен кәсіби ынтымақтастықты жүзеге асырады. Студенттердің білімін жоғарылату және ПОҚ-тың ғылым мен білім жолындағы тәжірибе мен іздену жұмыстарын халықаралық байланысқа қою мақсатында Шымкент университеті мен И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің арасында «Ғылым мен білім саласындағы қызметті бірігіп жүзеге асыру» жөнінде келісім-шарт жасалды. 6В01501 - «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге сабақ беретін профессор-оқытушылар Өзбекстан Республикасының Ш.Рашидов атындағы Самарканд мемлекеттік университетімен, Мұхаммед Әл-Хорезми атындағы Ташкент Ақпараттық технологиялар университетімен, Украина Республикасы, Львов ұлттық политехника университетімен, Синергия Университетімен, Қазақ-Қырғыз университеті, ғалымдарымен бірге ғылыми жұмыстар жүргізіп, мақалалар жариялауда.
6В01501 – «Математика», 6В01502 – Информатика, 6В06101-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В01404- Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары тәрбиелік жұмыстарын Қазақстан Республикасының бірқатар нормативті құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Олар «Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «білім туралы Заңы»; «Қазақстан жастары 2030» мемлекеттік бағдарламасы; ҚР-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму тұжырымдамасы; ҚР-ның президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауы.
Кафедра мәжілістерінде жүйелі түрде кафедра жоспары және тәлімгерлік жұмыстар жоспарына сәйкес он бағытта жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар мәселелері қаралады. Тәрбиелік жұмыстың мазмұны, форма және әдістері берілген бағыттарға сәйкес. Қоғамдық-саяси бағытта келесі іс-шаралар өткізілді: ҚР-ның президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын талқылау, тәлімгерлік сағаттар; академиялық топтарда студенттердің оқуға қатысуын талдау, жекелеген студенттердің сабаққа келмеу себептерін көрсету;
1. 2022 жылы тәуелсіз Қазақстан агенттігі білім беру сапасын қамтамасыз ету (НКАОКО) аккредитациялық кеңесінің шешімімен 7М01501 – «Математика», 6В01501- Математика білім беру бағдарламасы бойынша 5 жылға мамандандырылған аккредитациядан өтті.
2. 2021 жылы қазан айында – Симова Бибажар Иманбековна қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» төсбелгісін алды.
3. Абдрашова Эльмира Тлесовна – «ІІ-дәрежелі диплом» Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог–Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік ұстазы–2020» атты республикалық жарыстың жеңімпазы атанды.
4. Диқамбай Төлеген Бақытұлы–2020 жылы қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі үшін «Құрмет» грамотасын алды.
5. Медетбекова Рыскуль Ашималиевна 2018 жылы, «Портфолио» оқушылардың ғылыми шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарының облыстық фестиваліне ұйымдастыру кабинетінің тең төрайымы ретінде «Әл-Фараби» атындағы облыстық оқушылар мен білімгерлер қоғамының жетекші-кеңесшісі Құрмет грамотасымен марапатталды.
6. Медетбеков Муратбек Мухалбекович 2017 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталған.
7. Медетбекова Рыскуль Ашималиевна 2017жылы «Д.А.Қонаев» ғылыми қоғамының үздік жеңімпазы төсбелгісімен марапатталған.
8. Досанова Балкия Адасовна 2017жылы Дизайнерлік білім беру саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін», «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.
9. Таджиханова Камила Ибрагимқызы– Алматы қаласы, Республикалық «Парасат» оқу орталығында «Графтар теориясы, Сандар теориясы, Еселік және беттік интегралдар» тақырыбында білімін жетілдіріп, сертификат алды.
10. Жуманова Раушан Есенбековна – 2021жылы Оңтүстік Қазақстан ғылым жаршысы-Вестник және М.Әуезов атындағы ОҚУ ғылыми еңбектері журналына «Use of ICT to solve protection and safety of food» тақырында ауқымды мақала жариялады.
11. Кокетаев Аскар Ильясович–2021 жылы қараша айында «Жалпы және кәсіптік білім беруде цифрлық оқыту құралдары мен робототехниканы пайдалану: тәжірибе, проблемалар, Перспективалар» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өткізді.
12. Джанабаев Даурен Жумагалиевич – Алматы қаласында «Global Professional Development» Білім орталығында «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер, Жасанды интеллект негіздері» тақырыбында білімін жетілдіріп, сертификат алды.
13. Жантуреева Меруерт Жумахановна – 2020 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Үздіксіз және қашықтықтан білім беру орталығында «Компьтерлік сызба, Бағдарламалау технологиясы, Операциялық жүйелер» тақырыбында білімін жетілдіріп, сертификат алды.
14. Сарыбаев Мырзабек– Алматы қаласы, Республикалық «Парасат» оқу орталығында «Дифференциалды теңдеулер» тақырыбында білімін жетілдіріп, сертификат алды.
15. Кобеева З.С.– 2021 жылы “Chemical Technology and Engineering» атты Украиналық журналға «Hydrodynamics of the filtration drying of cotton stalks (pile cones)» тақырыбында техника ғылымдарының докторы М.В.Атаманюкпен бірігіп монография жариялады.
16. Джанабаев Д.Ж.–2021 жылы “Chemical Technology and Engineering» атты Украиналық журналға «Hydrodynamics of the filtration drying of cotton stalks (pile cones)» тақырыбында техника ғылымдарының докторы М.В.Атаманюкпен бірігіп монография жариялады.
17. Жуматов С.С.– “Ukrainian Mathematical Journal» атты журналға 2020 жылы «On the stability of a program manifold of control systems with variable coefficients» тақырыбында мақала жариялады.3.
18. Аға оқытушы Кобеева З.С., «Установка фильтрационной сушки сыпучих материалов» атты тақырыбына на полезную модель РК № 6241 от 19.03.2021 г. патент алынды.
19. 2022 жылы қазан айында «Жас ғалым» грант иегері Турдалиев Жандос Қалдыбайұлы PhD доктор, AP15473405 – «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы смарт онлайн сауда мобильді платформаны бірыңғай Қазақстандық серверде құрастыру» жобасымен 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып басымдығы бойынша грант ұтып алды.
20. Кафедрамыздың доценті ф.м.ғ.к., Байжұманов А.А., 27.10.2022 жылы Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласы, Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік педагогикалық университетінде «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты Республикалық ғылыми-техникалық конференциясында баяндама жасап, халықаралық қатынасты нығайту мақсатында меморандум жасап қайтты.
21. Кафедрамыздың аға оқытушысы Балганова Меруерт Сыдыковнаны «Білім жолы» Халықаралық білім беру және интеллектуалды шығармашылық дамыту орталығы өткізген “Үздік педагог” атты III Халықаралық педагогикалық-шығармашылық байқауында “Үздік педагог портфолиосы” наминациясының жүлделі I орын иегері атанды.
«Математика және Информатика» кафедрасында 2022-2023 оқу жылында келесі Оқу әдістемелік жоспарлар құрылып бекітілді.
1. 2022– 2023 оқу жылында дайындалатын, баспадан шығарылатын оқу - әдістемелік жұмыстар жоспары. №1, 25.08.2022ж
2. 2022-2023 оқу жылына арналған кафедра мәжілісінің жоспары. №1, 25.08.2022ж
3. 2022– 2023 оқу жылындағы оқытушылардың ашық сабақ өткізу кестесі. №1, 25.08.2022ж
4. 2022-2023 оқу жылына арналған бейнелекция жоспары. №1 25.08.2022ж
5. 2022-2023 оқу жылына арналған Педагогикалық мектебінің жоспары., №1 25.08.2022 ж
6. Эврика үйірмесінің жоспары. №1 25.08.2022ж
25.04.2023-05.05.2023ж. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент университетінің «Математика және информатика» кафедрасы қызметкерлерінің жұмыс сапары, магистра аға оқытушылары Жантуреева М.Ж., Жолбарыс Е.Н., Кенжебаева У.Е. Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетіне іс сапары СамГУ-дың «Интелектуальді тізімдер және компьютерлік технологиялар» кафедрасының студенттерімен кездесулер, дәрістер.
Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті - Өзбекстан мен Орта Азиядағы ең көне университеттердің бірі, Өзбекстандағы екінші үлкен университет. Негізі 1927 жылы қаланған.
05.12.2022 – 27.12.2022 ж. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасы Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесіп жасалған ынтымақтастық негізінде «Математика және Информатика» кафедрасында «Дискреттік математика» пәнінің инновациялық бағыттары атты ғылыми әдістемелік семинары өтті.
Семинарды Уринбаев Еркин - Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, физика математика ғылымдарының докторы жүргізді. Ғылыми семинарға кафедраның меңгерушісі Ш.К.Утебаеваның басшылығымен және ф.м.ғ.к., доценті: Байжуманов А.А., Медетбекова М.М., магистр аға оқытушылар Кобеева З.С., Жантуреева М.Ж., Абдуллаев Ж.Р., Жолбарыс Е.Н., және С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп лицейінің математика пәні мұғалімдері қатысты қатысты.
«Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен жасалған бұл кездесуде, оқу жоспарына сəйкес кафедрадағы мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында екі жақтанда студенттерді бір академиялық кезеңге оқуға бару жөнінде мəселе талқыланды. Сонымен қатар, ғылыми байланысты да жолға қою қарастырылды.
Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
«Математика және информатика» кафедрасының 6В01502 – «Информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп лицейінде өтті.
6В01502-«Информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері оқу жоспарға сәйкес 13.02.2023-06.04.2023ж. аралығында «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден өтті. Студенттер тәжірибе барысында оқушылар арасында робототехникадан “Lego-Sumo” мектепішілік жарыс өткізді. “Lego-Sumo” жарысына робот үлгісін жасау, бағдарлама жазу. Сумо сайысы бойынша роботтар ақ төсенішке қара түспен жүргізілген аумағы 1 метр болатын шеңберде шайқасады. Шеңберден ысырып шығарып жіберген робот жеңіске жетеді. Мектеп оқушылары толықтай қатысты.
Жарыстың мақсаты: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы жалпы мәлімет беру және түсінік қалыптастыру.
Оқушылар арасында Робот техникасын насихаттау, ынта-жігерін арттыру, шеберліктерін шыңдау. «Математика және информатика» кафедрасының аға оқытушылары барып арнайы қатысты. Жүлделі орын алған команда мүшелері Шымкент университеті атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
«Математика және информатика» кафедрасының 6В01404 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп лицейінде өтті.
6В01404-« Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері оқу жоспарға сәйкес 27.02.2023-21.04.2023ж. аралығында «Өндірістік педагогикалық» іс-тәжірибеден өтті. Үш жақты келісім шарт бойынша 7 студент жақын аудандардағы мектептерге, қалған студенттер Шымкент қаласының жалпы орта білім беретін мектептеріне факультеттің бұйрығы бойынша жіберілді. Іс-тәжірибенің орнықтыру конференциясы ұйымдастырылып, іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері түсіндірілді. Білім алушылар өндірістік педагогикалық іс-тәжірибелерін сәтті аяқтап, 26.04.2023ж. Қорытынды конференциясында есептерін презентацияларымен қорғап шықты.
Қошқаров Ернұр Сейілжанұлы.
5В011100 – Информатика мамандығы
Шымкент қаласы, Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Беркінбай Алуа Байзаққызы.
5В010900 – Математика мамандығы
Алматы қаласы, №126 мамандандырылған лицейінің Математика пәнінің мұғалімі.
Мейірбекова Сандуғаш Қаналбекқызы.
5В010900 – Математика мамандығы
Шымкент қаласы, Т.Тәжібаева атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі.
Тилавбаева Ақмарал Бауржанқызы.
5В010900 – Математика мамандығы
Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі. Педагог-модератор.
Абдурахманова Дильноза Фурхатовна.
5В010900 – Математика мамандығы
Сайрам ауданы, №104 негізгі орта мектебінің Математика пәні мұғалімі.
Нұрмахамбет Бибінұр Тұралықызы.
5В010900 – Математика мамандығы
Шымкент қаласы, А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі.
Матенова Гүлсара Тансыққызы.
5В010900 – Математика мамандығы
Сарыағаш ауданы, Алыбай батыр атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі.
Кемел Нұрымбет Нұрғалиұлы.
5В011100 – Информатика мамандығы
Шымкент қаласы, А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі.
Сариева Гульайым Елбасыевна
5В010900 – Математика мамандығы
Шардара ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Муханова Алмахан Шаудирбаевна
5В011100 – Информатика мамандығы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, А. Құнанбаев атындағы №19 жалпы орта білім беретін математика және информатика пәнiнiң мұғалiмi, педагог-сарапшы, педагог-зерттеушi.
«Математика және Информатика» кафедрасы туралы мәлімет
Физика-Информатика мамандығы 2000-2001 оқу жылында ашылды. «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының құрамында болды. 2001-2002 оқу жылында жаңадан ашылған «Математика-Экономика пәндер» кафедрасына қосылды. 2002-2012 оқу жылында дербес «Физика және информатика» кафедрасы болып жасақталды. Сол жылдар аралығында кафедрада 4 ғылым докторы 15 ғылым кандидаты, 20 магистр оқытушылар қызмет атқарды. 2012-2013 оқу жылынан бастап «Математика және Информатика» кафедрасы болып аталды. Қазіргі таңда кафедрада 3 ғылым докторы 18 ғылым кандитаты жұмыс атқаруда. 2010-2011 оқу жылында 6М010900-Математика мамандығына мерзімі шектеусіз лицензия алынды. Кафедра осы уақыт аралығында 250 магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасалып магистр ғылыми дәрежесін берді. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде жетекшілік жасап қатысады.
2020-2021 оқу жылында 5В011100-«Информатика», 5В010900-Математика мамандығы оқытушыларының 40-мақалалары жарық көрді. Информатика мамандығының ғылыми жұмыс тақырыбы «Ақпараттық және инновациялық жаңа технологиялардың мамандар даярлаудағы ғылым аспектілері».
Ғылыми - зерттеу нәтижелері бойынша соңғы үш жылда ПОҚ - ы 90 ғылыми мақалалар жариялап, 2 - оқу құралын; 3 - оқулық, 20- әдістемелік нұсқаулар дайындап, баспадан шығарған.
Материалдық –техникалық база
6В01501 – «Математика» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге арналған жоспар дайындалған. 6В01501 – «Математика» мамандығының студенттері № 412, 417, 435, 261 дәрісханалар пайдалануда және осы дәрісханаларда оқиды. Осы дәрісханаларда лайықты көрнекі және заманауи техникалық құралдардан арнайы жабдықтармен жабдықталған. Дәрісханаларда көрнекі және техникалық құралдардан: плакаттар, кестелер, диафильмдер, кодоскопқа арналған транспоранттар және компьютерлер бар. Мамандық студенттері жалпы білім алу пәндерінен зертханалардан, лингафондық кабинеттерден, компьютерлік кластардан пайдаланады.
Халықаралық ынтымақтастық
6В01501 - «Математика» білім беру бағдарламасы ҚР, Шымкент қаласы, Түркістан облысы және жақын шетелдік арнаулы мамандандырылған мекемелерімен кәсіби ынтымақтастықты жүзеге асырады. Студенттердің білімін жоғарылату және ПОҚ-тың ғылым мен білім жолындағы тәжірибе мен іздену жұмыстарын халықаралық байланысқа қою мақсатында Шымкент университеті мен И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің арасында «Ғылым мен білім саласындағы қызметті бірігіп жүзеге асыру» жөнінде келісім-шарт жасалды. «Математика» мамандық студенттеріне сабақ беретін профессор-оқытушылар Өзбекстан республикасының М.Улугбек атындағы Ташкент мемлекеттік университетімен, Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық инситуты ғалымдарымен бірге ғылыми жұмыстар жүргізіп, мақалалар жариялауда.
Тәрбие жұмыстары.
6В01501 - «Математика» мамандығында тәрбиелік жұмыс Қазақстан Республикасының бірқатар нормативті құжаттарының негізінде жүзеге асады. Олар «Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының «білім туралы заңы»; «Қазақстан жастары 2030» мемлекеттік бағдарламасы; ҚР-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму тұжырымдамасы; ҚР-ның президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауы.
Кафедра мәжілістерінде жүйелі түрде кафедра жоспары және тәлімгерлік жұмыстар жоспарына сәйкес он бағытта жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар мәселелері қаралады. Тәрбиелік жұмыстың мазмұны, форма және әдістері берілген бағыттарға сәйкес. Қоғамдық-саяси бағытта келесі іс-шаралар өткізілді: ҚР-ның президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын талқылау, тәлімгерлік сағаттар; академиялық топтарда студенттердің оқуға қатысуын талдау, жекелеген студенттердің сабаққа келмеу себептерін көрсету;
Профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының білім беру саласындағы жетістіктері үшін бірқатар мемлекеттік және ғылыми наградалары бар. Кафедра оқытушылары АҚШ, Малайзия, Польша, Украйна, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші ғылыми-педагогикалық орталықтарында өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырады.
Кафедра отырысы
Ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары
Математика және информатика кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары екі түрлі бағыт бойынша жүргізіледі:
Жетекшісі: ф.м.ғ.к., доцент Р.А.Медетбекова
Жетекшісі: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш.З.
Кафедра профессор, Р.А.Медетбекованың еңбектерін ерекше атауға болады. Кафедрада орындалған ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштері оқулықтарда, оқу құралдарында, оқу әдістемелік құралдарда және сол сияқты ғылыми мақалаларда жарияланған. Соңғы жылдарда кафедрада оқытушылары келесі нәтіжелерге қол жеткізді. Кафедра профессор-оқытушыларының ғылыми-зертеу жұмыстары республикалық және халықаралық конференцияларда баяндалып, жарияланды.
2023 жылдың 12-14 маусым аралығында «Математика және информатика» кафедрасында 7М01501-Математика білім алушылары диссертациялық жұмыстары қорғалды.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы болып биылғы оқу жылында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Нысанов Е., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Изтаев Ж.Д. шақырылды. Оның пікірінше, біздің магистрант-математиктердің жұмыстарының ерекшелігі олардың диссертацияларының практикалық маңыздылығы болды: зерттеулердің негізгі ережелерін апробациялау тек ғылыми конференцияларда ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қызметте - Шымкент қаласының мектептерінде пән бойынша сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда өтті.
«Математика және информатика» кафедрасының меңгерушісі Утебаева Шолпан Керімбайқызы магистратура түлектерін кәсіби қалыптасуының маңызды кезеңінің табысты аяқталуымен құттықтады. Докторантураға түсу олардың көпшілігі үшін ғылымға апаратын жолдың жалғасы болады.