Басшылық


Кафедра меңгерушісі

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Өмірбаяны

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы – 1953 жылы 2 қазанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылында дүниеге келген. 1979 жылы С.Б.Киров ат. университетінің «Тарих» факультетін (Әл-Фараби ат. ҚазҰМУ) бітірді. 1980 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтында ұстаздық еңбегін бастады.

Осы жылдар ішінде білім және тәрбие жұмысымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша оқу әкімдігі тарапынан жүргізетін қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысып келеді. Облыстық әкімшіліктің «Ақпараттық насихаттың» топ мүшесі, «Облыстың үздік лекторы» номинациясының иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының  академигі, тележурналист, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында ОҚО әкімдігінің Дін Істері Басқармасының  тапсырысы бойынша «Мемлекет. Қоғам. Дін» хабарының жүргізушісі, «Ұлы дала дастаны» атты авторлық бағдарламаның жүргізушісі; облыс және республика көлемінде түрлі ғылыми-тәжірибелік конгресстер мен конференцияларға және халықаралық конференцияларға белсене қатысушы; қоғамдық-саяси саланың белсенді насихатшысы. Республикалық және облыстық баспасөзде ұлт тарихы, салт-дәстүр, дін мәселелері бойынша көптеген мақалалар  жариялап, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді үлес қосып келеді. Оқу-тәрбие ісіндегі тынымсыз еңбегі облыс әкімдігі және М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент Университетінің басшылығы тарапынан бағаланып, арнайы грамоталармен марапатталған.

Ғылыми еңбектері: 200 жуық ғылыми мақалалар мен монография, 2 оқу құралының авторы.

2007 жылдан бері Шымкент университетінде қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда аталған университеттің «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының меңгерушісі.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61