Мамандықтар сипаттамасы


5В050900 - Қаржы мамандығы

Оқу мерзімі: 4 жыл

Мамандық біліктілігі: қаржы бакалавры

Осы мамандық бойынша түлектер меншіктің  барлық нысандары мен қызмет сфералары кәсіпорындарында, қаржы және сақтандыру органдарында банк мекемелерінде, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда.

Қаржы жөніндегі бакалаврлар қаржыны жоспарлау мен болжау,реттеу,басқару және ұйымдастырумен, сондай-ақ оны бақылаумен, микро  және макродеңгейлерде ақша-кредит және фискалдық саясатты жүзеге асырумен шұғылданады.Осы профильдің бакалаврлары компанияның қаржылық жай-күйіне талдау жүргізуі, табыстарды көбейтуге, шығындар мен тәуекелдерді азайтуға жәрдемдесуі, нарықтың сапалы қаржылық қызметтер көрсету қажеттілін қанағаттандыруы тиіс.

 

5В030100 - Құқықтану

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Мамандық біліктілігі: Құқықтану бакалавры

Кафедра 5B030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды. Кафедраның оқу процесін жоғары білікті мамандар, республиканың жетекші ЖОО-ң оқытушылары, сондай-ақ, тәжірибе жұмысы бойынша құндылықтарға ие құқық қорғау органдарының өкілдері де жүзеге асырады.

Берілген мамандықтың түлегі – бұл құқық саласындағы кәсіби қызметке даярланған, жоғары біліктілік пен аналитикалық ойлауды талап ететін өз бетінше мемлекеттік органдарда, шаруашылық субъектілерде және қоғамдық ұйымдарда жұмыс істей алатын маман.  

Ол қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымын біледі, барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесін, сот жүйесін, прокуратура және адвокатура органдарының жүйесін, олардың өкілеттіліктерін ажырата алады.           

Азаматтық және қылмыстық құқықтың заңнамаларын, еңбек, қаржы және тағы басқа құқықтық қатынастардың саласын жетік меңгереді, сондай-ақ, құқық қолданушылық қызметі бойынша теориялық және тәжірибелік қабілеттіліктеріне де ие болады.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61