Шымкент университетінің оқытушысы Түркияның Акдениз университетінде дәріс оқуда

Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нұрбетова Жанар Оразалиқызы 2025–2026 оқу жылының І-жарты жылдығында Түркия Республикасының Акдениз университетінде (Анталья қ.) академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқып, тәжірибе алмасуда.
Бұл халықаралық бағдарлама оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Шымкент университеті өз оқытушыларының шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара тәжірибе алмасуын қолдай отырып, білім беру сапасын арттыру мен халықаралық серіктестікті дамытуға зор үлес қосуда.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы