«Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтарын жоғары оқу орнының оқу процесіне интеграциялау»  оқу-әдістемелік семинар

«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 24 қыркүйекте Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті, ф.ғ.к. Медетбекова Меруерт Аскарбековна «Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтарын жоғары оқу орнының оқу процесіне интеграциялау» атты оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында білім алушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, азаматтық жауапкершілікке және патриотизм секілді. құндылықтармен тәрбиелеуге бағыттады. Білім беру үдерісінің мазмұнына тәрбие құндылықтарын кіріктіру мәселелеріне, сондай-ақ оларды оқу сабақтары арқылы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Семинар соңында спикерге мазмұнды баяндамасы және оқу-әдістемелік жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін университет ректорының алғыс хаты табысталды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы