«Таза орта және биоалуантүрлілік» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар өтті
2026 жылғы 16 қыркүйекте Ғылым департаментінің бастамасымен және Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-мақсаты – «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыты аясында «Таза орта және биоалуантүрлілік: табиғатты сақтау – ортақ міндет» атты ғылыми-танымдық семинар өтті.
Іс-шараның спикері – Жошибекова Багила, PhD, Шымкент университеті Ғылым департаментінің директоры, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті міндетін атқарушы.
Семинар барысында құрлық экожүйелерін сақтау, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар табиғатты қорғауға бағытталған ғылыми зерттеулердің маңызы мен жоғары оқу орындарының Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар қоршаған ортаның қазіргі жағдайы, экологиялық мәселелерді шешудің тиімді жолдары және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары жөнінде пікір алмасты. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми негізделген жауаптар алды.
Өткізілген іс-шара қатысушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған жаңа бастамаларды қолдауға ықпал етті.
Семинар қорытындысында қатысушылар табиғи экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.







