2026 жылғы 1–2 қазанда Тараз қаласында өткен «Байсалов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ұйымдастырылған «Жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары» конкурсына Шымкент университетінің 6В04201 – «Құқық» білім беру бағдарламасының білім алушылары белсенді қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 3-курс білім алушылары Шиндали Нұрбике Туралиқызы мен Камал Ержігіт Талғатұлы жүлделі ІІ орынды иеленіп, ғылыми ізденістері мен білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сонымен қатар, 4-курс білім алушылары Дошанов Нұрболат Ерболатұлы мен Дүйсенов Бақдаулет Бауыржанұлы конкурсқа қатысып, сертификаттармен марапатталды.
Білім алушыларымыздың халықаралық деңгейдегі ғылыми іс-шараға қатысып, университетіміздің абыройын асқақтатуы – біз үшін үлкен мақтаныш.
Жүлдегерлеріміз бен қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми ізденістеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

