Шымкент университеті профессорының халықаралық жетістігі

Шымкент университеті профессорының халықаралық жетістігі

2026 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Ақмарал Үмірбекқызы Исаеваға Amicus Universitatis құрметті атағы табысталды.

Марапатты Польшадағы Познань қаласының Адам Мицкевич университетінің ректоры, профессор, хабилитацияланған prof. dr hab. Bogumiła Kaniewska
салтанатты түрде табыстады.

Amicus Universitatis («Университет досы») — Адам Мицкевич университетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен ұйымдарға университет басшылығы тарапынан жыл сайын берілетін арнайы құрметті атақ.

Ақмарал Үмірбекқызы Исаеваны халықаралық деңгейдегі жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми және академиялық қызметіне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы