Әлемдік тілдерді меңгеру және ұлттық тілді сақтау мәселелері талқыланды

2026 жылғы 29 қыркүйекте Шымкент университетінің Филология кафедрасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары аясында «Әлемдік тілдерді меңгеру және ұлттық тілді сақтау мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинарның негізгі мақсаты – әлемдік тілдерді меңгерудің қазіргі қоғамдағы маңызын талқылау, шет тілдерін оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді саралау және жаһандану жағдайында ұлттық тілдің мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейту жолдарын қарастыру.

Семинар барысында бірқатар білікті мамандар мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:

  • PhD, «Smart» мектебінің директоры, «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегері, London Metropolitan University (Ұлыбритания) және César Ritz Colleges Switzerland (Швейцария) магистрі Л. А. Тлеубекова;

  • PhD, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. К. Көпбосынов;

  • PhD, Тәшенев университетінің аға оқытушысы Г. А. Айткулова өз баяндамаларында тақырыптың түрлі қырларына тоқталды.

Баяндамалар барысында әлемдік тілдерді меңгерудің білім беру жүйесі мен қазіргі қоғамдағы рөлі, шет тілдерін оқыту үдерісінде кездесетін қиындықтар және оларды тиімді шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар ана тілінің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық қолданыс аясын кеңейту және жаһандану жағдайында ұлттық тілдің өміршеңдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсынылған баяндамалар бойынша ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан маңызды ойларын ортаға салды. Ашық пікірталас барысында тіл үйретудің заманауи әдістері, көптілді білім берудің ерекшеліктері және ұлттық тілдің білім беру кеңістігіндегі орны кеңінен талқыланды.

Семинар қорытындысында әлемдік тілдерді меңгеру мен ұлттық тілді сақтаудың өзара сабақтастығы, сондай-ақ көптілді білім беру жағдайында ана тілінің басымдығын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара тіл білімі саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіндегі тілдік құндылықтарды дамытуға бағытталған мазмұнды пікірталас алаңына айналды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы