2026 жылғы 4–9 қазан аралығында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында таяз көлдердің экожүйелерін зерттеу, сақтау және қалпына келтірудің өзекті мәселелеріне арналған XII халықаралық «International Shallow Lakes Conference – 2026» ғылыми конференциясы өтуде.
Аталған халықаралық конференцияның ғылыми бағдарламасында Шымкент университетінің биология ғылымдарының докторы, профессоры Ақмарал Өмірбекқызы Исаеваның ғылыми зерттеу жұмысы ұсынылды.
Ғалымның «The composition of the flora in water bodies in southern Kazakhstan under the influence of hydrochemical parameters» («Гидрохимиялық параметрлердің әсерінен Оңтүстік Қазақстан су айдындарының флоралық құрамының өзгеруі») тақырыбындағы ғылыми жұмысы халықаралық конференцияның постерлік баяндамалар бағдарламасына енгізілді.
Зерттеу жұмысы Оңтүстік Қазақстандағы су экожүйелерінің флоралық құрамын және олардың жай-күйіне гидрохимиялық факторлардың әсерін зерделеуге бағытталған. Аталған ғылыми бағыт су ресурстарын сақтау, биологиялық әртүрлілікті қорғау және өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше өзектілікке ие.
Халықаралық конференция гидробиология, лимнология, экология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосып, ғылыми біліммен, зерттеу нәтижелерімен және озық халықаралық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.
Шымкент университеті ғалымдарының ғылыми зерттеулерін халықаралық ғылыми алаңдарда ұсынуы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Шымкент университеті өзекті экологиялық мәселелерді шешуге, ғылыми әлеуетті арттыруға және отандық ғылымды халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялауға бағытталған ғылыми зерттеулерді белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.