
Рустемов Мажит Мусаевич
«Дене шынықытру және спорт» кафедрасының меңгерушісі
Телефон: +7 707 374 0505
Кәсіби тәжірибе-
2001-2006 жылы аралығында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша біліктілік берілді.
2006-2007 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар бекетіндегі әскери борышын өтеді.
2007-2023 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Құрсай шағын ауданындағы №49 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастапқы әскери және технологиялық» дайындық пәнінен оқытушы-ұйымдастырушылық қызметі, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шымкент университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Мажит Мусаевичтің еңбегінің жетістіктері мен марапаттары:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы №1-6-10/128 бұйрығымен Каратэ-додан (№7285) «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді (2003);
- Шымкент қалалық білім басқармасының «Алғыс хаты» (2018);
- «Шымкент қаласы Абай аудандық әкімінің «Алғыс хаты» (2022);
- Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінің ректоры Р.Маткаримовтың «Алғыс хаты» (2024);
- Шымкент қаласының мәслихатының «Алғыс хаты» (2024).
Тәрбие жұмыстары және «Бастапқы әскери және технологиялық» дайындық пәні бойынша оқушыларды аудандық, қалалық іс-шараларға қатыстырып, жетекшілік жасаған. Ғылыми жұмыстарының бағыттары бойынша 10-ға жуық мақалалары мен оқу құралдарының авторы.
Кафедра туралы
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 2001 жылы университеттің құрылған кезінен бастау алады. Қазіргі уақытта Дене шынықтыру және спорт кафедрасы бакалавриаттың 1 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Кафедраның білім беру бағдарламалары аккредитациядан сәтті өтті. Біздің мамандықты бітірген түлектер мектептерде, колледждерде оқытушы және спорт мектептерінде жаттықтырушы болып жұмыс атқара алады. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы мамандар даярлауда 1 ғылым докторы профессор, 3 ғылым кандидаты, доцент, 3 ЖАК доценті, 8 ғылыми кандидаты, аға оқытушы сонымен қатар тәжірибелі магистрлер, оқытушылар жұмыс істейді.
Кафедраның мақсаты:
Халықтың денсаулығын нығайту үшін ғылыми-педагогикалық міндеттер мен мәселелерді шешуге, дене шынықтыру және спорт саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде білім алушылардың әртүрлі санаттарымен сабақтар өткізуге, дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру және т. б. бойынша оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процеске интеграциялауға қабілетті жаңа формациядағы педагогтарды, таңдалған спорт түрі бойынша жаттықтырушыларды сапалы даярлау кәсіби қызметте қажетті алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын іс жүзінде қолдану.
Кафедраның міндеттері:
- тиімділік пен табыстылықты арттыру
- университетті танымал және беделді халықаралық рейтингтерде ілгерілетуге қосқан үлесің арттыру
- дене шынықтыру және спорт профилі бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ның ұлттық рейтингінде БББ ілгерілету.
- бөлімнің жол картасының көрсеткіштерін орындау
Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз
Айсагалиев Бауыржан Тасбулатович
аға оқытушы

Рустемов Мажит Мусаевич
аға оқытушы

Гусейнов Магомет Гусейноглы
ЖАК Доцент











